№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Цифрландыру талабы қызмет сапасын арттырады

Цифрландыру талабы қызмет сапасын арттырады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 50-ден астам бабына өзгеріс енгізілді. Өзгерістердің басты мақсаты – азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау,мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

 Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру қадамдарын қамтып отыр.
 Бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту. Сонымен қатар қағаз бастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі. Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын көтерері сөзсіз. Бұл дегеніңіз – халықтың мүддесі үшін жасалған мүмкіндік.

 Осы орайда Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің мұрағатындағы 2008 жылға дейінгі тіркелген (Туу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, қайтыс болу, тегін, атын және әкесінің атын өзгерту туралы) азаматтық хал актілеріне сканер жасалып, акт жазбалары өзектендірілуде. Әлі де өңделу жұмыстары жүргізіліп,жалғасын тауып, жұмыстар жасалуда.

Сол себепті азаматтар өз деректерінің дұрысбұрыстығына мұқият қарап, әлеуметтік төлемдерді алуға, зейнеткерлер, басқа да құқықтық көмек көрсетуде кедергілер болмас үшін өздері, балаларының және жақындарының құжаттарын тексеру үшін жергілікті жерде орналасқан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне жолығуларына болады. Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруге үлесін қосары анық.

Гүлнар Абдуллаева, АХАЖ бөлімі бас маман
08 тамыз 2022 ж. 235 0