№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еліміздегі көпбалалы аналар 93,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Еліміздегі көпбалалы аналар 93,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды

"Жаңақорған тынысы" 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың отбасы 93,9 млрд теңгеге көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Мамыр айында жәрдемақының бұл түрін 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 млрд теңгеге алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздегі көпбалалы аналар 93,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды
Аталған мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар үміткер бола алады. Төлем мөлшері 44 532 мың теңгеден (4 бала) 77 951 мың теңгеге дейін (7 бала) құрайды, 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін әр бала үшін сараланған түрде 4 АЕК мөлшерінде болады.

Осылайша, бүгінгі таңда тиісті жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Тиісті заңға Мемлекет басшысы осы жылдың 13 мамырында қол қойды.

Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, осыған байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері ол тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома ағымдағы жылдың шілде айында аударылады.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд. теңге қарастырылған.
15 маусым 2020 ж. 736 0