№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа сервистің жаңалығы қандай?

Жаңа сервистің жаңалығы қандай?

“Е-Gov.kz” порталында қызмет көрсету бойынша жаңа сервистің іске қосылуы жайлы жаңа мәлімет шықты. Бұл бойынша толығырақ «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы ӘлияАблаевамен байланысып білдік.

– «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ eGov.kz порталында артық қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтерге қолжетімді екендігін хабарлайды. Қате есептелген қаражатты қайтару үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беру керек. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтер жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Қаражатты қайтару туралы өтінішті порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтініштітек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару бойынша өтініш беру процесі ұқсас, бірақ бұл қызметте өтініш беруші бір уақытта 20 қызметкерге дейін өтініш бере алады.Жаңа қызметтер «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді.

– Қандай құжаттар керек?

– Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруғаөтініш беру үшін пайдалушығаавторизациядан өту қажет, жұмыс берушінің БСК мен ЖСК енгізуі керек. Сондай-ақ, «Төлем тапсырмасының деректемелерін» көрсету керек, көрсетілген деректерді тексеру, қайтаруды жүзеге асыратын қызметкерлерді таңдау, қайтару сомасын және қайтару себебін көрсетуі тиіс. «Ақша қаражатын қайтаруға арналған деректемелерді» көрсету, таңдалған қызметкерлерге келісу туралы өтініш жіберу керек. Қызметкерлерге (соманы қате есептегендерге) eGov.kz порталының жеке кабинетінде өтінімге келісім беріп, қол қою қажет. Содан кейін өтініш берушіге мәртебелік бетте өтінімге қол қойып, өтінішті өңдеу нәтижесін күту керек.

– Ал, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару қалай жүзеге асады?

– Оларға өтінім беру шарттары бірдей, текбұл қызметте қызметкердің келісімі талап етілмейді және қайтару себебіне байланысты құжаттарды жүктеу міндеттеледі. Қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде хабарлама түрінде қолжетімді болады. Қаражатты қайтару міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу (есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне және әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру қағидалары мен жағдайларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
14 тамыз 2023 ж. 143 0