№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрмет төріндегі құрылысшы мамандар

Құрмет төріндегі құрылысшы мамандар



14 тамыз – құрылысшылар күні. Бұл күн ел өркендеуі жолында қажырлы қызмет етіп жүрген білікті мамандарға, әр өңірдің инфрақұрылымы мен әрбір қала сәулетінің келісті болуына иық тіреп, табанды еңбектеніп жүрген құрылысшыларға деген құрмет деп білеміз. Сондықтан кәсіби мереке қарсаңында сала мамандарының жұмысын жүйелеп, бүгінгі мемлекеттік қызметте абырой биігінде болған құрылысшыларды нысанаға алып, ауданның бүгіні мен келешегі жолында жасалынып жатқан жұмыстар жөнінде емін-еркін дидарластық. Кейіпкеріміз аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов.
Иә, кез келген мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі әмбеге аян.  Құрылысшының қолынан қаланған әрбір тас пен қабырға ертеңгі ұрпаққа естелік болып, тарихқа таңба болып басылады. Сыр боп шертіліп, көркін әсем етеді. Міне, құрылысшы мамандығының жауапкершілігі қандай екені көрініп-ақ тұр. Бір сөзбен айтқанда, құрылысшы – адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық.
– Құрылыс индустриясы – экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Тәуелсiздiк жылдарынан бері елiмiзде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалынды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары көбейдi. Соңғы 2-3 жылдың өзінде өзгені айтпағанда Жаңақорған ауданында құрылыс нарығы бәсекелестікке бейімделіп, өнім шығарудан да аймақта алдыңғы қатарға шықты. Мәселен, үй қабырғсын тұрғызу арналған құрылыс заттарының түр-түрі шығады. Желім, қаңылтыр, сым және өзге де құрылыс тауарларының өрісі кеңейіп келеді. Қазіргі еліміздегі қысылтаян жағдайға қарамастан ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұның бәрі аянбай тер төккен құрыш білекті құрылысшылардың еңбегінің нәтижесі. Ауданның ғана емес, ауылдың шырайын келтіріп, бiлiм нысандарында, пайдалануға берiлген барлық нысандарда, бәрi-бәрiнде құрылысшылардың өзіндік қолтаңбасы жатыр.
– Енді аудандағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға, оның ішінде әлеуметтік нысандарға жіті тоқталсақ.
– 2023 жылы ақарылып жатқан ірілі жобалардың ішінде бірнешеуін мысал етуге болады. Биыл Жайылма аылында 150 орындықауылдық клуб үйінің құрылысы жүріп жатыр. Жақын күндері клуб үйі ел игілігі үшін пайдалануға беріледі. Республика және облыстық бюджеттен 261 млн 765 мың теңге қаржы бөлініп, “Астана сервис Ltd” ЖШС жауапкершілігіне алды. М.Нәлібаев ауылдық округінде спорттық кешен “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы арқылы ұлттық қордан 222 млн қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен “Дәнекер ҚК” ЖШС құрылысын жүргізді. Бұл нысан да келесі айда беріледі. Сол секілді аудан орталығында бройлер өсіретін құс фабрикасының электрмен жабдықтау сыртқы желілер құрылысы да жүргізілуде.
– Енді инфрақұрылым жүйесіне тоқталсақ. Қазір электр желісі мен су мәселесі проблема болып жатқаны жасырын емес. Осы бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
– Биыл Келінтөбе, Қожакент, Еңбек, Сунақ­ата, Манап, Құттықожа, М.Нәлібаев және Әбдіғаппар ауылындағы тұрғын үйлер сек­торының инженерлік-коммуникациялық инфра­құрылымдарының құрылысына, яғни, электр желісі жаңғыртылуда. Тапсырыс беруші біздің мекеме, бас мердігер – «Электроремонт» ЖШС мекемесі. Сондай-ақ, Жайылма мен Қожам­берді ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер – «Дә­некер ҚК» ЖШС. Жаманбай батыр ауылдық округіндегі науалық суғару жүйелерінің құ­рылысын «Сәт-Сервис» ЖШС жүргізуде. Міне, ауданда осындай құрылыс жұмыстары бар. Одан бөлек, мектеп құрылыстары мен ауылдардағы мекемелердің ғимараттары да толық жөндеуден өтуде. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша да көш ілгеріміз. Соның нәтижесінде заманауи нысандар көптеп бой көтеруде. Бұл 95 жылдық тарихы бар ауданның болашағы үшін жасалынып жатқан жарқын жобалар.
– Әңгімемізді мекеме қызметкерлеріне бұрсақ. Қанша қызметкер бар, олардың міндеті мен жауапкершілігі жайында толықтырсақ.
– Қазір бөлімде 10-нан аса қызметкер бар. Әрбірінің өзіне жүктелген міндеттемелері бар. Құрылыс жөніндегі сектор меңгерушісі Тұрар Өмірбеков, бас маман Шынар Накипова, заңгер маман Мырзахмет Абусейтов, сектор меңгерушісі Шыңғыс Маханұлы, сонда-ақ 6 маманымыз бар. Олар: Гүлмира Дулатбаева, Эльмира Идирисова, Азамат Әбілхайыр, Қанағат Әбсадық, Бірлік Бейсенәлі және Талғат Әбубәкір. Іс жүргізуші Жансая Туреманова мен әдіскер маман, дизайнер Айжан Әбсаттар да бар. Барлық қызметкердің жауапкершілігі өз алдына, білікті кадрлар деп ауыз толтырып айтуға болады. Міне, осындай ұжыммен бір отбасындай еңбек етіп келеміз.
– Соңғы сауал болсын, «Саяжай-1,2» мөлтек аудандары қашан ашылып, ел игілігін көреді?
– Облысқа барлық құжаттарын өткізіп қойдық. Алла  бұйыртса биыл болмаса да, келер жылы қаражат шешіліп жатса, жер беруді бастаймыз. Инфрақұрылымын, яғни, жол, жарық, ауыз суын ретке келтіріп алсақ, қаншама жер кезекте тұрған тұрғындарға үлестіретін боламыз. Одан бөлек те қосымша жерлердің құжаттарын дайындап жатырмыз, ол да алдағы уақыттың еншісінде.
– Сұхбатыңызға рахмет, тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

                                                                                                                Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 тамыз 2023 ж. 155 0