№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық құрылысшыларды құттықтады

Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық құрылысшыларды құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылар күні мерекесіне орай төл мереке иелерін құттықтады.

Қадірлі сырбойылықтар! Құрметті құрылысшылар!Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Бүгінде аймағымызда құрылыс саласы қарқынды дамып, ел экономикасының, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуына айрықша ықпал етіп келеді. Ауқымды саланы алға жылжытуда құрылысшылардың еңбегі ерен.
Осыдан 200 жылдай бұрынғы Қамысқаладан бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі әлеуметтік нысандары бой түзеген заманауи облыс орталығы болуы – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей, күн-түн демей атқарған игі ісінің жемісі. Тіпті, былтырдан бері әлемді жаулаған пандемия індетіне қарамастан құрылыс саласы өз жұмысын тоқтатпай, ел игілігін еселеуде. Сыр жұртшылығы атынан бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде барша құрылысшыларға алғысымды білдіремін!
Бүгінгі күні өңірімізде жоспарға сәйкес 644,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 142,3 мың ш.м 2158 пәтерді құрайтын 105 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу, жыл аяғына дейін жалпы ауданы 106,8 мың шаршы метр 1608 пәтерді құрайтын 94 тұрғын үйді қолданысқа беру, сондай-ақ, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 342 жалға берілетін пәтерлерді сатып алу жоспарлануда.
Құрметті құрылыс саласының майталмандары!Құрылыс – бұл жай ғана мамандық емес, бұл жасампаздыққа құштарлық!
Аймақтың құрылыс саласындағы ауқымды жұмыстарды алға жылжытып, сапасының артуына құрылыс саласы ардагерлерінің өмірлік тәжірибелері де зор үлес қосуда. Олардың бірқатары әлі де құрылыс саласында еңбек етіп, «Ата өнері – балаға мұра» дегендей жастарға ақылшы болып, ұлағат көрсетуде.
Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!Жасампаз еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, Сыр құрылысшылары! Мерекелеріңіз құтты болсын!
08 тамыз 2021 ж. 1 166 0