№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 24 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

24 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 24,4 мыңнан астам түрлі заңбұзушылық анықтады, медициналық ұйымдарға 269 425,0 мың теңге айыппұл салынды, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бекітілген стандарттар сақталмай көрсетілген медициналық көмек көлемі 3 есе көп.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты түрде мониторинг жасайды.
Медициналық сақтандыру қоры меди­циналық ұйымдарға көрсетілген қызмет­тер үшін қаржыны көрсетілген медициналық көмектің бекітілген стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілгеннен кейін төлейді. Сапа мониторингі ақпараттық жүйелерді пайдаланып, қашықтықтан жүргізіледі де, осылайша "адами факторды" барынша азайтады. Медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық-емханалық деңгейден стационарға дейінгі аралық мониторингті қоса алғанда, процестерді автоматтандыру ісін жалғастыруда.
Қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайлардың мониторингі бойынша тәжірибе арттыруда. Қор мұндай жұмысты күн сайын және тұрақты негізде жүргізеді. Салынған айыппұлдар қайтадан медициналық қызметтерге төленетін ақы ретінде пайдаланылады.
Заңбзушылықтар арасында көбінесе жалған тіркеу жиі кездеседі. Жарты жыл ішінде филиал сарапшылары 75 астам көрсетілмеген қызметтерді анықтады, олар ақпараттық жүйелерге енгізілді. Осындай заңбұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 1 540 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар, сарапшылар тәуліктік стационар жағдайында 6 815,9 мың теңге сомасындағы 86 жағдайға көмек көлемін жасанды түрде көтеру, ауру диагнозын ауырлату жағдайларын анықтады. Әсіресе өлім-жітім мұқият тексеріледі. Медициналық сақтандыру қоры кейбір факті бойынша материалдарды одан әрі шаралар қабылдау үшін өңірлік прокуратураға береді.
Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде емдеу және диагностикалық қызметтерді жүргізу санының негізсіз өсуінің 13 276 жағдайлары анықталып, 17 781,7 мың теңге сомасында айыппұл салынған.
– Медициналық ұйым Қордың жеткізушісі ретінде бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетуге және пациентті өзіне тиесілі қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушыларды тартады. Егер көмек толық көлемде немесе сапасыз көрсетілсе, Қор медициналық ұйымға айыппұл салады. 2019 жылы ақпараттық жүйелерге жалған мәліметтер енгізгені үшін салынған айыппұл мөлшері көрсетілген қызмет құнынан 3 есе өсті, – деп түсіндірді Бақыт Исмаханбетов.
Қазір жұрт әлеуметтік желілерде медициналық ұйымдар «жалған тіркеген» фактілерді белсенді түрде жазып, талқылауда.
Біз жеткізушілер арасындағы заңбұзу­шылықтарды жоюға мүдделіміз. Сондықтан азаматтардан әділетсіз жағдайлар жайлы хабарлауларын сұраймыз. Қор пациенттерден келген әрбір ресми өтініш бойынша шара қабылдайды», – деп атап өтті медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры.

Айгүл АХАНОВА
15 тамыз 2020 ж. 685 0