Димаш Құдайберген Малайзияда концертін өткізді
Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Жақында ғана атасы Құдайбергенді жерлеу рәсіміне қатысқан әншіге бұл концертті өткізу оңай болмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар желіде жазба қалдырып, жеті ай бойы дайындалған концертті өткізу туралы шешім қабылданғанын айтты. «Жақын уақытта отбасымызда болған жағдайға байланысты психологиялық тұрғыда қаншалықты қиын болса да, 7 ай бұрын жоспарланып, жүздеген адам дайындығына атсалысқан концертін Димаш ойдағыдай атқарып шықты. Сахна сыртындағы көңіл-күйің маған аян, Ақ Диком… Папамыз айтпақшы -«уәде – құдайдың сөзі», «тірі адам тіршілігін жасауы керек»… Малайзиялық көрерменге, Куала-Лумпурға түрлі елдерден арнайы келіп, керемет қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге мың алғыс!», – делінген Димаштың ата-анасының желідегі ресми аккаунтында.
Аталған концертте Димаш әлемнің жеті тілінде ән шырқап, қазақ әуендерін әлемге танытты. Айта кетелік, 13 маусым күні Димаштың атасы Құдайбергеннің өмірден озғаны белгілі болды. Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып журналист Бауыржан Бабажанұлы жеткізді.