Польшада "Димаш" радиостанциясы ашылды
Польшада Димаш Құдайбергеннің құрметіне радиостанция ашылды. Бұл Димаштың осы елдегі жанкүйерлерінің бірегей жобасы. Радиостанцияның Варшавадағы студиясы осы аптаның соңында толық іске қосылады. 7 адамнан құралған шығармашылық ұжым Димаш жайлы түрлі бағдарламалар, сұхбаттар әзірлеп, кумирлерінің әндерін әуе толқынынан кеңінен насихаттайды.
Ресми мәлімет бойынша қазір Польшада Димаштың 5 мыңнан астам фанаты бар. Олар радионың жұмысына белсене қатысуға құлшынып отыр.
"Димаш радиосының басты мақсаты - Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын өз елімізде, әлемге кеңінен таныту, сапалы насихаттау. Димаштың ғажап музыка әлемін жаһанға жария етсек дейміз. Ол үшін Польшаның авторлық кеңес бірлестігімен келісімшартқа отырдық. Тың идеямызды іске асыру үшін Димаштың әлемдегі фанклубтарымен іскерлік байланыс орнатуға дайынбыз. Сүйікті әншіміздің Польшадағы концертін асыға күтеміз", - деді Димаштың Польшадағы фан-клубының үйлестірушісі Тереза Какол.