ҰБТ - дан 126 балл жинады
Мектеп бітіріп, әртүрлі мамандықтың тізгінін ұстайтын, кәсіп иесі атануға асығатын жастардың 11 жылдық білімін сарапқа салып, үлкен өмірге жасалатын қадамның алдында көңілге тоқығанын бір пысықтайтын жауапты кезең Ұлттық бірыңғай тестілеу.
ҰБТ-ға ақыл-ой мен бойдың сергектігі, жинақылығы, тынымсыз да тиімді және жүйелі ой еңбегі қажет. Білімге деген шын құштарлық пен құрмет, жігерлі сілкініс пен ізденіс керек. Қатаң тәртіпке бағыну, өзіңдіөзің үздіксіз қамшылау керек. Осындай қабілеттерді бойына сіңіре білген біздің болашақ түлектеріміз өздерін биік межеден көрсете білді.
Ауданымыздың мақтанышы, «Алтын белгі» иегері, облыстық, аудандық олимпиаданың жеңімпазы №125 орта мектебінің оқушысы Нұрдаулетұлы Мейіржан ҰБТ-дан 126 ұпай жинаса, осы мектептің тағы бір түлегі Құрбанбек Ұлдана Талғатқызы ҰБТдан 124 ұпай жинап, ауданымыз бойынша ең жоғарғы ұпайлардың бірін еншіледі. Гүлсезім АУҒАН