№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ғалымның жары

Қазақ қызы


Қазақта Әбжан Құрышжанұлын білмейтін жан кемде кем. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегі, библиограф Шайзада Сермаханқызы Құрышжан келіні Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дүниеге келген.

«Шайзада Сермаханқызы университеттің кітапханатану және библиография мамандығында оқып бітірген. Ол жан-жары, елімізге танымал ғалым, өмірінің соңына дейін университетте ұстаздық қызмет атқарған филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжанұлының еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дәріптеуде аянбай еңбек етті.
Университет қабырғасында өтетін профессор Әбжан Құрышжанұлының мерейтойларына арналған ғылымипрактикалық конференциялардың жоғары деңгейде өтуіне, Әбжан Құрышжанұлы атындағы оқу кабинетінің жабдықталуына, жыл сайын «Әбжан Құрышжанұлы оқуларын» өткізуге атсалысып, мұрындық болған жан. Бұдан біз Шайзада Сермағамбетқызының жан-жарына адал, елі сүйген перзенттің отын сөндірмеген нағыз парасатты жан екенін көреміз.
Шайзада Сермағамбетқызын аяулы жар ғана емес, тәрбиелі де білімді, халқына адал ұл-қыздар тәрбиелеген аяулы ана ретінде де үлгі тұтамыз» – деп жазыпты университет ұжымы. Әбжан ата 75 жасқа толғанда Қазақ қыздар университетін басқарып отырған Шәмшә Беркімбаева университетте мерейтойға арналған конференция өткізді. Университетте Әбжан атаның кабинеті ашылды. Әбжан Құрышжанов оқулары да дәстүрлі түрде жылда жалғасын тауып келеді. Шәйзада апа кітапқа өте үлкен құрметпен қарайтын. Әсіресе, Әбжан атаның кітаптарын ретімен қоятын, қай кітаптары жоқ екенін біліп отырады. Барлық кітаптар кітапхана тәртібімен орналасқан.
2008 жылы ғалымның қолжазбаларын жинақтап «Өмір өрнектері» деген атпен Әбжан атаның ақындық қырын танытқан кітапты жарыққа шығарды. Кітапта өлеңдер, поэмалар, дастандар, айтыс, аударма өлеңдер, арнау-толғаулар, жеке шумақтар енген. Елде ұйымдастырған конференцияда классик ақын Адырбек Сопыбековтың оның ақындық қырына бағасын берген баяндамасы дәлел болады.
2010 жылы күзде Жаңақорғанда өткен «Ғылым, ақын, азамат» атты Әбжан Құрышжанұлының 80 жылдық мерейтойына арналған танымдық конференцияда «Ескі түркі жазба ескерткіштері» кітабын көбейтіп, елге таратты.
2011 жылы ғалымның шәкірті, ақын қыз Ләйлі Құндақбаевамен бірге Әбжан атаның еңбектері тізімі жасалған «Биобиблиографиялық көрсеткіш» атты кітап жарыққа шықты.
2015 жылы желтоқсан айында Қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған Әбжан Құрышжанұлының 85 жылдық мерейтойында шәкірттері ұстазға арналған естелік кітапты жарыққа шығарды. Соңғы қолжазбаларын жинақтаған ғылыми еңбектер топтамасын шығаруға Шайзада апамыз себепші болды. Атаның бүкіл қолжазбалары өте көп еді. Зерттеп жүрген көптеген жарық көрмеген қолжазба күйіндегі еңбектерін Түркология орталығына толығымен табыстады.
2020 жылы 4 желтоқсанда Әбжан Құрышжанұлының 90 жылдығына орай «Түркологиялық кеңістіктегі гуманитарлық ғылымдар: тарихи сабақтастық пен өзара ықпалдастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізілді. Барлық ұйымдастырылған шаралардың басықасында Шәйзада апамыз жүрді.
2004 жылдың көктемінде жазушы Тынымбай ағаның үйінен дәм таттық. Үйде Әбжан ата мен Шәйзада апамыз төрге жайғасқан екен. Сонда жазушы ағамыз «Осы атаңыздан тақырып алсаң болады» деп айтқаны сол еді, атамыз «Тақырып алдыңда тұр ғой, Тынымбайдың тілін зертте» деген еді.
Сонда ағамыз «Бұл қалай болады екен, шай берді деп мені зертте дегеніңіз» – деп қалды. Сонда атамыз «Бұл жазушының тілін зерттесең, жаман болмайсың» – деген еді. Айтқаны айдай келді. Мен 2009 жылы кандидаттық диссертацияны қорғағанда қызу талқылау болды. Екінші жетекшім Ербол Жанпейісов ағамыз маған жанашырлық танытып «Неге сонша сұрақты көп қойдыңдар дегенде жас ғалымдар «Тынымбай Нұрмағанбетовтің классик жазушы екенін көрсететін екінші қыры тілі екен ғой» деген ерекше қызығушылықты байқап қалдым. Иә, Әбжан атамыз қорғатқан шәкірттері осал болмады. Құндақбаева Ләйлі Тұрмағанбет Ізтілеуовтің тілін зерттеді, Исаева Жанар деген шәкірті Дүкенбай Досжановтың тілін зерттеді. Сырдың перзенті болғандықтан жергілікті тіл ерекшелігімізді зерттеу үлкен мақтаныш екенін түсінКөзі тірісінде «қазақ» деп, «ғылым» деп, «тілім» деп көп толғанатын, өз ұлты, өз тілі, тіл білімі ғылымының болашағы үшін шарқ ұрып, күндіз-түні көз ілместен қызмет еткен атамыздың қасында қаламын талдырмай қабағын баққан апамыздың да орны ерекше болды. Алып тұлғалардың жары болу үшін де ерекше табиғат пен болмыс керек шығар. Апамның шайын баппен ішіп отырғанымызда «Уақытты өлтіріп алма, уақытың босқа өтсе, уақытты өлтіргенің» – дейтін еді Әбжан ата.
Шайзада апа Әбжан атаның бір де бір уақытын бос жібермей жұмыс үстелінде тапжылмай отырып ғылым әлемінде отыруы күнделікті үйреншікті әдеті екенін айтып отыратын. Соңғы жылдары жұмыс үстелінде тапжылмай ұзақ отыра алмағаны жанына бататынын да байқап қалатынмын. Тынымбай Нұрмағанбетовтің Әбжан Құрышжанұлына арналған «Шал, мая және жел» атты әңгімесінде Құрышжан атасы да ұжымдастыру саясатының қысымын көргенін байқауға болады.
Жаңақорған ауданында өткен танымдық конференцияда Әбжан Құрышжанұлының шәкірті филология ғылымының докторы, профессор Сандыбай Боранбаевтың баяндамасында да түркі ҒАЛЫМНЫҢ ЖАРЫ тілін зерттеуде кеңес одағының қысымы мен қудалауына түскенде барлық қиындыққа төтеп бергенін айтып өтеді. Ғалым қандай қиындық көрсе де жары қолдаушысы болып қасында жүрді. Шәмшат апамыз айтушы еді «Шәйзада апаң өте жас әрі сұлу еді. Атаң елге алып келгенде сыртқа шықса жеңгелері қоршап жүруші едік» деп. Шәмшат апамыз медицина ғылымдарының кандидаты, яғни, ғалым, дәрігер Исамбаев Мәмет атамыздың жары еді.
Мәмет атамыздың ғылымға ден қоюы да Әбжан атамыздың «Медицина саласына орай арнайы күндерді елеп, ескеріп мақала жазып жүр» деп тапсырмалар беру арқасында қазақ тіліндегі медицина терминологиялық сөздігі өмірге келген еді. Шайзада апам атамның еңбектерін қайталап оқып отырғанда сағынышын көзіндегі домалап түскен тамшыларынан сезіп қалатынмын. Шайзада апам жақында бір арманмен аттанды ол дүниеге. Ол Әбжан Құрышжанұлына өзі туып өскен мекенінен бір мектептің аты беріліп, шәкірттер ғылымға деген махаббатын туған жерінде оятып, ғылымға құштар болып түлеп шықса екен деген. Бұл сол жерде туып өскен барша жұртшылықтың халықтың арманы десек те болады. Бұл жөнінде менің әкем Сейтхан Үсенбаев Әбжан ата өмірден өткен кезден бері айтып келді. Жоғары орындарға арнайы сұраныс хаттар да берілді. Осы арманы орындалса екен деген тілектеспіз.

Салтанат Үсенбаева

12 маусым 2023 ж. 145 0