№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өндірісті Өңірде Өркендеу бар

Өндірісті Өңірде Өркендеу бар



Жұма күні Жаңақорған ауданында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облыстық сот төрағасы Әділхади Шығанбаев, облыс прокуроры Нұрлан Бижанов, облыстық полиция департаменті басшысы Мақсұтхан Аблазимов және облыс бойынша негізгі салалық басқармалардың басшылары қатысып, тиісті мәселелер бойынша өңір жағдайынан толық мағлұмат алып, халық игілігі жолында бірге атқарылатын міндеттер сараланды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттері талқыланған жиында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ауыл әкімдерінің жұмысына ерекше тоқталды.
2022 жылдың қорытындысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 4-орынға тұрақтаған Жаңақорған ауданында өңдеу өнеркәсібінде 86,1 млрд теңгені құрап, 2,6 пайызға, бөлшек сауда көлемі 7,1 млрд теңгені құрап, 1,6 пайызға артқанын, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 53,2 млрд теңгені құрағанына тоқталып, өнеркәсіпті өңірдегі өсу тенденциясына оң бағасын берді. Одан әрі Жаңақорған ауданының даму перспективасы жөнінде аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтың хабарламасы тыңдалды.
Ол ауданда инвестициялық жобалар есебінен салық түсімін 4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отырғанын, есепті кезеңде өңірде 35 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібі көлемі 22 млрд 400 млн теңгеге жеткенін айтты.
– Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9 млрд 900 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге арттырылған. Ауданда 38 млрд теңгені құрайтын 10-ға тарта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңде 1 млрд 900 млн теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 123 пайызға орындалды. Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 17 мың 300 шаршы метрге жеткізіліп, бөлшек сауда көлемі 2млрд 200 млн теңгеге жетті, – деді аудан әкімі хабарламасында. Сонымен қатар ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7666 кәсіпкер тіркеліп, бұл өткен жылғыдан 1476 кәсіпкерге, яғни 26,2 пайызға артқаны көңіл тоғайтты. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 6841 болса, белсенділік көрсеткіші 96,8 пайызға артқан. Өткен жылдың қорытындысымен аудан кәсіпкерлерінің тарапынан 54 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 25,5 пайызға өскен. Жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 124 жобаға 723 млн 500 мың теңгеге қаржылай қолдау көрсетілген. Оның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жқмыспен қамту орталығы арқылы 51 млн теңге құрайтын 37 жоба грантты жеңіп алса, 87 жобаға 672 млн 500 мың теңге несиелер берілген.
Ауданда ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 4 млрд 800 млн теңгені құрап отырғанын айтқан әкім одан әрі ауданда азықтүлік бағдарламасын тұрақтандыру мақсатында қосымша 295 га жер аршылып, 845 отбасы осы шаруаға жұмылдырылып отырғаны жөнінде жеткізді. Ауданда ауылшаруашылық өнімдерімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдары болса, 485 егін, оның ішінде 234 шаруашылық күріш егеді.
Аудан басшысы одан әрі өзекті мәселелер қатарында ауыз су, электр қуаты, елді мекендерге газ апару, ішкі жолдарды асфальттау және аяқсумен қамту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Өзі ауданға әкім болып келгелі 9 елді мекенге электр желісін жаңғырту бойынша жалпы құны 2 млрд 300 млн теңге құрайтын жоба әзірленіп, оны бастауға 2023 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 503 млн теңге қаржы бөлінгенін айтты. Сонымен қатар осы жылдың басында демеушілер есебінен тағы да 10 елді мекенге электр желілерін жаңғырту жобасы жасалынып, 2024 жылдың бюджетіне өтінім тапсырылды. Жоба құны 3 млрд 300 млн теңге. Елді мекендерді табиға газға қосуда атқарылып жатқан бұл жұмыстар толық іске асқанда 13 елді мекен немесе 53 мың халық табиғи газды пайдалана алады. Әкім одан әрі аймақ басшысы бастамасымен Жаңақорған ауданының орталығында аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналып 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталғанын жеткізді. Ол үшін 480 млн теңге қаржы бөлінді. Сол сияқты «Ел бесігі» жобасы аясында Төменарық және Әбдіғаппар, Өзгент ауылдары тұрғындарының көптен күткен тілегі – ауылдық аурухана мен ауыл клубтарына назар аударылып, осы жылы пайдалануға берілетінін білдік.
«Ел бесігі» жобасына екпін берілуі керек
Аталмыш жоба бойынша былтырғы жылы аймақтағы ауылдарға 7,8 млрд теңге бағытталды. Үкіметтен жасалып отырған осындай мумкіндіктен қағажу қалған ауыл әкімдерін орнынан тұрғызған аймақ басшысының талабы халыққа қажетті жағдайды жасауда қатаң сұрау болатынына жауапты өкілдердің көзін жеткізді.
Мұнан бөлек Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Жаңақорған ауданында Қожакент пен Аққорған ауылы ғана жобаға қатысуы көңіл көншітпейді деген аймақ басшысы әрбір ауыл әкімі мемлекеттік бағдарламаларға азаматтарды барынша қатыстыруға мүдделі болу керектігін айтты.
2022 жылы облыс бойынша кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 42 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталса, оның ішінде Жаңақорған ауданына 2,4 млрд теңге тартылған. Биыл кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға 22 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылуда. Ынталы азаматтарды осы ақпаратпен қамтамасыз етуге барлық тиісті шараларды жүргізуді тапсырды. «Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер ұсыну» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алу үшін ауданда 30,1 млн теңгеге 9 жоба ғана қолдау тапқанын сынға алды.
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ДА ЖАУАПТЫ
– Инвестиция тартуға ауыл әкімдерінң де жауапты екенін Президент баса айтқанын еске алсақ, елді мекендегі жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын құру, табыс көзін арттыру секілді шараларға назар аударылу қажет. Ауыл әкімдерінің рейтингі осы көрсеткіштер қорытындысымен сараланады, – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Аймақ басшысы ауылдың өркендеуіне инвестиция тартып, туған жердің ынталы азаматтарын жұмылдыруда аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының еңбегіне жоғары баға беруді де ұмытпады. Міне, осындай жұмыстар нәтижесінде ескі құрылыс алаңына айналған аймақта балалардың игілігіне үлкен заманауи саябақ салынып, кенттің де көркін кіргізіп тұр. Сондай-ақ елді мекендерді газдандыруда жобалық құжаттамалар дайындауда уақыттан ұтып, өздігінше демеушілер тартып, соның нәтижесінде ауыл тұрмысына аса қажет көнілдір отынмен қамтылуын жеделдетуге жол таба білген жанашырлығына жеке тоқталып, ел сенімін арқалап отырған билік өкілдерінің қайқайсысында да осындай биік жауапкершіліктің болуы маңызды екенін ескертті. Ауданда жұмыссыздықты азайтуда жастардың жұмыспен қамтылуына мән беруге тиіспіз. Бір қынжыларлығы, шағын бизнесті дамытуға деп несие ұйымдарынан қаржының басым бөлігін мал шаруашылығына алған екен. Бірақ ауылдарда мал жайылымына қатысты мәселе аз емес. Аудан бойынша мал басына 602,2 мың гектар жайылым алқабы қажет. Жетпейтін жайылым көлемі 321,6 мың гектарды құрап отыр. Бұл жағдай ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында заманауи тың кәсіптерге негіз қалаудың қажеттігін алдыға тартатынын айтты аймақ басшысы.
АУЫЛДАРДА ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ АШУ КӨРСЕТКІШІ НЕГЕ ТӨМЕН?
2022 жылы ауданда 113 қылмыс тіркеліп, оның 75-і ашылса, 2023 жылы 53 қылмыс тіркелген, оның 30-ы әлі ашылмаған. Аядай ғана ауылдарда қылмыс фактілері орын алып, оның дер кезінде ашылмай отыруына учаскелік инспекторлардың ауылда тұрмай қатынап жұмыс істеуінің де кері әсері көп деді әкім. Өйткені жағдайы жоқ, екі ортада сабылып жүретін әкім мен мектеп директорлары немесе учаскелік инспекторлардың жұмысқа салғырттығы ел арасында бейберекет жағдайлардың орын алуына, заңсыздықтардың дер кезінде жауапкершілікке тартылмауына алып келетінін айтып, бұл жолсыздықты тәртіпке түсіруге пәрмен берді.
Айта кету керек, соңғы бір жылда Қыраш, Қыркеңсе, Қандөз, Қожамберді ауылдық округтерінде қылмыстылық тіркелмегенін, жоғары нәтиже көрсеткен ауыл әкімдеріне ынталандыру шаралары қаралатынын да айтты. Одан әрі бүгінгі таңда өзекті болып отырған су мәселесі туралы мамандарды тұрғызып, нақты тапсырмалар берді. Жергілікті жерде негізгі дақыл болып есептелетін күріштен нәтижелі өнім алуда еңбеккерлердің маңдай тері еш кетпеу жолында кәсіби және адами тұрғыда аянбай жұмыс жасау маңызды. Біріккен тірлікте береке болады. Жиын қорытындысы халқымыздың осынау тұғырынан түспеген асыл дағдысына тоқтаған бәтуалы байламмен түйінделді. Облыс әкімі бастаған ресми өкілдер қатарында құқық қорау саласы басшылары одан әрі Манап Көкенов атындағы Мәдениет сарайының кең ғимаратында аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

                                                                                                                                                Баян Үсейінова
10 маусым 2023 ж. 94 0