№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қариясы бар ел – Қазыналы

Қариясы бар ел – Қазыналы



Көкірек көзі көреген, өмірден көрген-түйгені мол алдыңғы толқын ағалар қашанда берекенің бастауы, болашаққа жол бастар бағдаршамымыз. Бүгінгі таңда ауданда 7700 ден астам зейнеткер бар. 220 тыл ардагері бар екен. Ардагердерді мәдени көпшілік шараларға тартуда көп жұмыстар атқарылып келеді.
Сейсенбі күні аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтің аудандық ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымдарының басын қосып, келелі әңгіме өткізудегі мақсаты – ел жағдайын тереңірек зерделеу, жергілікті жердегі күрмеулі мәселелер жөнінде үлкендердің пікірін тыңдап, бірлесе шешуге маңыз беруі халықтық қалып-дәстүріміздің жарқын көрінісін тірілткен табиғилығымен көптің көкейіне қонды.
«Ордакент» ардагерлер және жастар ресурсы орталығында өткен жиында аудан басшысы қарттардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларға моральдық және материалдық қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, өз ойпікірлерімен бөлісті.

– Алдыңғы толқын ағалар бізге өздерінің көпті көрген өмірлік мектебімен, тәжірибетағылымымен қымбат. Алдағы жұмыстарда алжаспас үшін ол кісілердің кеңесі бүгін де өзекті. Сондықтан да сіздердің қоғамда тәлімтәрбиелеріңіздің үлесі жоғары. Үлкенін сыйлайтын елдің еңсесі биік, ауызбіршілігі мығым екенін көріп жүрміз. Қазіргі алапат жаһанданудың аузында аңтарылған жағдайымызда үлкендердің тектілікпен сабақтасқан тыйымы, бекзаттық болмыс биігі, сайып келгенде ұлттық ұжданымызды ұстын еткен дәстүр-салт заң-зәкүн жиынының құны ерек. Оны қалай түзіп, қалай қалыптастырамыз, сіздердің ерік-жігер, өр намыс, қажырлы мінездеріңіз шешеді мұны. Аудандағы бар атқарылып жатқан жақсы жұмыстарда сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Осындай белсенді қамқорлық, бедел биігінен түспей, алдымызда жанашыр ақылшымыз болып есен-сау жүре берулеріңізге тілектеспін, – деді аудан басшысы.


Келесі кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сөз алып, ұйымның бүгінгі жай-жағдайынан ақпар берді

– Ауданда 7700-ден астам зейнеткер бар. Оның ішінде тыл ардагері 220. Ауған соғысына қатысқандар 46, Чернобыль апатына қатысқандар 26, Семей сынақ алаңында болғандар 60 ардагер есепте тұр. Барлық елді мекендерде бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды, – деген ол орталықта ардагерлер ұйымының жұмысына жан-жақты қамқорлық бар екеніне ризашылығын білдіре келе, енді елді мекендер бойынша да ардагерлерге дербес кабинеттер беріліп, тыңғылықты жұмыс жасауына жағдай қалыптастырылса екен деген тілегін білдірді.


Ардагерлердің бастауыш ұйымдары арасында өзара тәжірибе алмасу, озық әдіс-тәсілдерді тарату бойынша да жанды жұмыстар атқарылып келеді. Жиында Жаңарық ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мажит Тәшімов сөз алып, ардагерлерге демалыс орындарына жолдама бөлуде демеушілік мәселесіне тоқталды. Өзі аталмыш ұйымға төрағалық еткен жеті жылдан бері ауылдағы бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруда ықпалды жәрдем етіп келе жатқанын, қарттарды «Ардагерлер мерейі» газетіне жаздыруда жеке көмегін де аямағанын тілге тиек етті. Ауылдағы жарамсызданған клуб үйіне қаржы бөлдіртуде ауыл қариялары болып облыс басшылығына жеткізіп, мәдениет ошағын талапқа сай жаңғыртқан жағдайларды да айтуды ұмытпады. Одан әрі өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарап, үнемі ізденісті ісқимылымен танылып келе жатқан аудандық су шаруашылығы мекемесі бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасы Әбсұлтан Өтенбаевтың мекеме ардагерлерімен ұйымдастырылып келе жатқан шараларды ортаға салған тұшымды баяндамасы да көптің көңілінен шықты.
Жиында Түгіскен елді мекенінен келген еңбек ардагерлері Молдахмет Ибрагимов, Құлмағанбет Исахановтар диқан қауымы атынан күрішке келетін судың тапшылығын болдырмау бағытында нақты талаптарын қойып, түйткілді сауалдарды ортаға салды. Аудандық ардагерлер кеңесі Құрметті төрағасы Зинабдин Шермұхаммедов тұшымды ойларымен бөлісіп, ұйым жұмысына сәттілік тіледі.

                                                                                                                                         Баян Үсейінова
28 мамыр 2023 ж. 106 0