Хуссамуддин ас- Сығнақидың туылғанына 800 жыл
Алматы қаласы Нұр-мүбәрак Египет-Ислам мәдениеті ниверситетінде Хуссамуддин ас- Сығнақидың туылғанына 800 жыл тоолуына арналған ғылыми халықаралық конференция өтті. Оған Иорданиядан, Мысырдан, Ыстамбулдан, Өзбекстан, Қырғызстан, тағы бірнеше мемлекеттерден ғалымдар келіп, өз елдерінде ғұламаның еңбектерінің зерттелу, қолданылу барысы жөнінде жан-жақты сарапқа салды.
Бұдан бұрын мұндай шаралар Жаңақорған ауданында өткізіліп келді. Әлемдік деңгейдегі ғұламаның есімін жер жүзіне паш етуді қолға алған Қазақстан үкіметі нақты қимылға көшіп, Елордадағы орталық даңғыл Сығанақ есімін иеленді. .Осы даңғыл бойында ашылған Ислам университетіне Сығнақидың есімі берілді.
Шара туралы толық газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Осы шараға Жаңақорған ауданынан бір топ өкіл барып қатысып қайттық.
Елдік шаралар адамзатты былай қойғанда, бір ауылдағы ағайынның басын қосып, бірлікке үндейді, бір-біріне сүйіспеншілігін арттырады. Ортақ істе намысқа тырысу нағыз ерді алдыға оздырып, кімнің кім екендігін танытады.
Конференцияға Жаңақорғаннан барған делегация құрамында алдыңғы толқын ағалар, көпшілігі ардагерлер, соларды маңдайынан жел тигізбей мәдени орталыққа апарып-,әкелуде қызмет қылған елгезек жігіттердің ересен қамқорлығы разы етті. Бірі көлігін көлденеңдеп, бірі жол бойы асханаларды ерте бастан әзірлетіп, құшағын жая күтіп алып қызмет қылды. Бір ағайындар Алматының төрінде дастарханын жайып, жомарттық танытса, бірі өзінің қонақ үйінде жайлы төсек орнын қамдатып қойыпты.
Міне, көзі тірісінде адам баласын бейбітшілік пен бауырмалдыққа үндейтін Ислам дінін ұстанып, оны әлем елдеріне жаюды мұрат еткен бабаның миссиясына артында қалған ұрпағы осылайша мән дарытты. Осы жұмыстардың басы-,қасында болған бауырларымыз- Есенжол Алияров, Жанкелді Ысқақ, Тұрсынхан Әлібеков, Асқар Ибрагимов, Молдақмет Искаков, Асан Саркулов, Данияр Досантаев, Ербол Қалкөзұлы, Бақытжан Сейдазимов, тағы көптеген бауырларымыз асыл мақсат жолында аянып қалмады. Жалпы елдік мәселе бір атадан тараған ерлердің тізе қосуынан бастау алып, бүтін ұлттың тірегіне айналар тетікті қалыптастыратынына бұл бір дәлел. Бас жиылып, мүдде біріксе алмайтын қамал жоқ.
Баян Үсейінова