№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскери қызмет – абыройлы міндет

Әскери қызмет – абыройлы міндет


Әскер – біздің мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, сондай-ақ, зор мәртебе. Әскер қатарына барып келгендердің пікірінше, ол азаматтың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, тәртіпке салатын, Отанына, отбасы мен туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігін арттыратын өмір мектебі. Осы мектеп майданында шыңдалып, жауапкершілікті сезініп жүрген азаматтар бүгінде қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, отбасы мен мемлекеттің жанашырларына айналуда. Күні кеше баласын әскерден күтіп алған ана, Жаңарық ауылының тұрғыны Қалжігітова Халдан апамыз баласының әскерден келгенін мақтан тұтып, көңілін қуаныш кернеп тұрғанын жасырмады.


– «Елін қорғау – ердің ісі» дегендей, баламның отанын қорғау қызметіне өз үлесін қосып келгенін мақтан етемін. Оның үстіне бүгінде мемлекет тарапынан болашақта әскери мамандықты тандағысы келетін жастарға көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр ғой. Алғашында іштей қарсылық танытып едім.
Әйтсе де, баламның таңдауының дұрыс екеніне көзім жетті. Әскердегі командирлеріне дейін хабарласып, «Балаңызды жақсы азамат етіп тәрбиелеген екенсіз. Өз ісіне жауапты, сізге рақмет» деген алғысын алғанда төбем көкке бір елі жетпей қалды. Қазақта сөз бар ғой «Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысар» деген мен де баламның үйде отырып тілеуін тілеп, аман-есен оралуын тілеп жүрдім ғой. Шүкір, балам нағыз азаматтығын танытты, – дейді ол.
Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген Әбламит Әбілқасымұлының да өз айтары бар:
– Мен әскери борышымды Семей қаласындағы №36803 әскери бөлімінде өтедім. Әскерде қиындық пен қызық қатар жүреді. Оны барып өз көзіңмен көрген дұрыс. Әскерге барғанға дейінгі және әскерден келгендегі болмысымның арасы жер мен көктей. Әскер мені көп нәрсеге үйретті. Мысалы, өмірге салмақты қарай бастадым. Ең бірінші, ата-анамның, бауырларымның, достарымның қадірін терең түсіндім. Әскери тәртіп бәріне үйретеді, шыңдала түсесің. Сондай-ақ, үйден жырақта жүріп, бәрінің қадірін түсінесің. Бір жағынан бұл барлық ер азаматтың Отан алдындағы борышы.

Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес дейді ғой. Сондықтан әскери міндетін өтеп келгендер әскердегі қиындықтарды ғана айта бермей, керісінше, ондағы тәртіп пен қызықтарды айтып артымызда еріп келе жатқан інілерімізге дұрыс жол көрсету керек деп ойлаймын. Бәрі түрлі сылтау айтып, әскерге барудан қашатын болса, Отанымыздың алдындағы міндетті кім орындамақшы? – дейді жас сарбаз.

Міне, әскерден оралған бозбаланың айтар сөзі мен ойы қандай салмақты десеңізші. Бала болып әскерге аттанып, нағыз ер азамат болып оралған қайсар жігіт Әбіләмит Нұрмұқасанның сөзі көпке үлгі. Отансүйгіш, қандай жағдай болса да міндетін атқарудан жалтармай келген сарбаздың болашағынан үлкен үміт күтеміз.

Әсел РЗАЕВА
20 мамыр 2023 ж. 255 0