№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ассамблея аналары – елдің ырысы

Ассамблея аналары – елдің ырысы



– Жаңақорғанда 17 ұлттың өкілі бір шаңырақ астында күн кешіп келе жатқанына ғасырдан асты. Биыл Қазақстан Халқының Ассамблеясының аудандағы аналар төрайымына тағайындалдым. Денсаулық мәселесіне орай 2-3 ай бойы жұмысқа ене алмай, жуырда ғана жоспарымды қолыма алдым. Жыл көлемінде талай істер атқарылатын болады.
Жұмыс жүйелі жүру үшін ең алдымен аудандағы ҚХА құрамына енген аналармен танысып, жеке қабылдаулар жасап жүрмін. Жыл аяғына дейін мәдени-рухани шаралар атқарылады. «Келін мен ене» сайысын, «Өнерлі жанұя» секілді ірі байқаулар өтеді. Ассамблея төңірегіндегі республикалық конференцияларға делегация жасақтаймын. Қыз-келіншектер арасында бұхаралық спортты дамыта отырып, отбасылық ынтымақты нығайтпақпын. «Сырласу» қыз-келіншектер клубын ашып, тұрмыстық мәселелерге тап болған жерлестерге психологиялық әрі танымдық қолдау беріледі. Сондықтан, біздің ҚХА Жаңақорған аудандық аналар кеңесіне қосылып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге асығыңыздар, аналар!


Құралай ДӘРМЕНОВА,
ҚХА аналар төрайымы
30 сәуір 2023 ж. 102 0