Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 583

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 51

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салған сотталушыға жаза қолданылды

Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салған сотталушыға жаза қолданылды



Жаңақорған аудандық сотында сотталушы Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Т. 2022 жылы қоршаулы үйдің бұрышында жәбірленуші А. мен отырып, сатып алған арақтарын ішіп әңгімелесіп отырған сәтте араларында өзара келіспеушілік туындап ерегісіп, Т. өзінің оң жағында жерде жатқан тасты алып А-ның. басының төбе аймағынан бірнеше мәрте ұрып, денсаулығына ауыр дене жарақаттарын салған.

Сот талқылауында соталушы өз кінісын мойындап, жәбірленушіден кешірім алғанын, онымен татуласқандарын көрсетті.
Ал жәбірленуші А. сотталушыға кешірім беретінін, ешқандай талап тілегі жоқ екенін, оған қояр талап-тілегі жоқ екенін көрсетті.

Сот сотталушыға жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 53-бабына сәйкес сотталушылар қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайына шын ниетпен өкінуі, жәбірленушінің оған кешірім беруі, жас балаларының болуын танып, ҚК-нің 54-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай жоқ деп тұжырымдады.

Сот үкіммен сотталушы Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінің кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып, аталған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
27 сәуір 2023 ж. 347 0