№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рамазан айтының қадірі

Рамазан айтының қадірі



Ұлы Жаратушымыз мұсылман қауымға аса рахымдылығынан айрықша күндер мен түндерді қасиетті етіп, пенделерін мол ырзық-несібеге кенелтті. Қасиетті Құран Кәрім аяттарында «Алла бес нәрсені бес нәрсеге жасырды: ризалығын ғибадатқа, азабын күнәларда, ортаңғы намазын бес уақыт ішіне, әулиелерін адамдардың ішіне» деуінің мағынасы тереңде жатыр. Осы бес сынақтан сабырын сынап, отыз күн құлшылық еткен жамағат Рамазан Айтын ерекше ықыласпен мерекелейтіні анық. Біз жаңақорғандық жерлестердің айт мерекесін қалай ұлықтап жатқанын білген едік.
Айттың бірінші күні тұрғындар таңғы сағат 6:30 да орталық мешіт, «Хиссамедин» мешіті және «Әль-Мумин» мешітіне жиналып, бір
қатарда таң намазын оқыды. Мешіт имамдары келген жамағатқа Рамазан Айтының қадірқасиетін насихаттап, сауалдарына жауап қатты. Намазхандар сапында көбі жастар екені имандылық негізі беки түскенін аңғартты. Жеті күлшесін таратқан аналар жүзінде қуаныш
байқалады. «Айтқа аман жеткізген Жаратқанға шүкіршілік етеміз» деп бір-бірімен құшақ айқастырған ағайынның көңілі көтеріңкі.
Осы күні Жаңақорған төрінде көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық спорт ойындары өткізілді. Орталық мешіттің ауласында «Ұлттық спорт – дәстүр мен діннен негіз алады» атты ұранмен қол күрес, гір спорты, бұқа тартыс, қаппен ұрудан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа барлық тілек білдіруші азаматтардан 30 спортшы қатысты. Жеңімпаз жүлдегерлер аудандық мәдениет және спорт бөлімінің грамота, медальдарымен және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Рамазан айтында жақын туыстардың, ағайынжегжаттың көңілін сұрап, халін білу ынтымақты арттырады. Бейбітшілікті ту еткен еліміздің әрбір азаматы ағайын-туыстың үйін аралап, сәлем беріп, батасын алуға ынталы. Қазақы дәстүрімізге сай, ағайынның амандығын біліп, дастарханынан дәм татып, еліміздің тыныштығын тілеудің өзі ғибрат емес пе?! Жас балаларды қуантып, кембағал жандарға демеу болу, мұқтаж адамның сауабын алу да әрбір мұсылманның басты парызы.
Иманы биік, парасатты тұлғалар сырқат кісілердің зиярат етуіне жәрдем етіп, жүрегіне қуаныш сыйлауы да мейір-шапағаттың бір көрінісі. Рамазан айының қазақ дәстүрінде қадірқасиеті өлшеусіз екені айқын. Осы қасиетті күндерде жақсылық жасап, амал-қарекетімен көпке үлгі болып жүрген жерлестерді көргенде имандылықтың адам өмірінде орны ерекше екенін сеземіз. Көп балалы отбасына баспана
сыйлап, бақытқа кенеліп жатқан жомарт жандарға халықтың алғысы жауды.
Рамазан айты – елдің ынтымағы пен бірлігін, бейбітшілік пен татулықты арттырып, еліміздің рухани дамуына серпін береді. Ғаламды имандылық нұры сәулелендіріп, әр жүрекке сенім ұялатып, тіршілік көзіне қуат береді. Қасиетті отыз күніміздегі құлшылығымыз қабыл
болып, еліміз қауіп-қатерден аман, берекеміз мол, мерекеміз көп болғай! Айттан-айтқа төрт көзіміз түгел жетейік, ағайын!

                                                                                                                                                Мақпал Пәтенова
22 сәуір 2023 ж. 135 0