№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келешектің келбеті кемел қалыптасуы керек

Келешектің келбеті кемел қалыптасуы керек



Жаңа Қазақстанға қадам басуға мүдде біріктірген мемлекетімізде сапалық жаңғыруымызға керітартпа болып келе жатқан қасаң қағида, тоңмойын төрешілдіктен тез арада арылуда нақты талаптарды бекемдеп алу күн тәртібіне шықты. Әйтпегенде елдің жарқын болашағына сенімсіздік көңіл-күйдің екпін алып, еңсе түзеуімізге елеулі нұқсан келерін жоққа шығаруға болмайды. Міне, осының алдын алуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген мәжілісте сегіз басым бағыт бойынша тапсырмалар берілді.

Осы күні Жаңақорған аудандық әйелдер кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, оның құрамы мен мүшелері тағайындалған жиын соңы Елордада өткен барша Қазақстан халқына жауапкершілік жүктейтін кеңейтілген кеңесте қаралған мәселелер тақырыбына ойысып, қызу талқылауға ұласты.

Әйел-ана – қоғамның тұрлаулы қазығы, сертке берік, сенімге лайық тілекшісі. Мемлекеттің жалпы дамуының жанашыры ретінде де әйелдер қауымы әлеуетін төмендеткен емес. Жиынды ашқан аудан әкімі орынбасары Бектас Нуридиновтың ұсыныс-пікірлерінің мазмұны осы бағытта өрбіді. Шараға модераторлық еткен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Әзия Қыстаубаева 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2023 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде баяндады.


Әйелдер қауымының бірлестігі бұқарамен байланысты нығайту керек. Отырыста ортақ арна тапқан тақырып мазмұны осыған келіп тірелді. Ел жағдайын оңалтуда, әр жерде қылаң берген кемшіліктерден арылып, экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізін қалауда саяси реформалардың маңызы бөлек. Осы бағыттағы Президент тапсырмалары қоғам өміріне табанды таяныш болуға ұмтылумен келе жатқан әйелдер ұйымына да биік міндеттер жүктейді.
Бұл туралы Президент 19 сәуір күні өткен кеңейтілген кеңесте не деді?

– Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл ең алдымен барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздер мемлекетшіл реформатор болуларыңыз керек. Реформаның түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын кө¬бейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауііпсіздігін қамтамасыз ету қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Халық үніне құлақ асатын Үкімет қағидасын қалыптастыруға баса мән берді. Әкімдер халықтың көңілінен етене орын алу үшін тіпті көліктен түсіп, жұртпен қатар жаяу жүріп те жақсы жұмыстарды тындыра алатынын айтты.
Енді кеңейтілген кеңесте талқыланған еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде темірқазық ететін 8 бағыт туралы тоқталсақ, олар мыналар:

  • – Агроөнеркәсіпті дамыту. Ауылдың потенциалын көтеруде ынталы азаматтарға 2,5 пайызбен несие беріледі. Екі жылға дейін аяғынан нық тұрып алғанша үстемесін төлемейді, жұмысын еркін жүргізуге құқы бар.
  • – Табысты арттыру. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс.
  • – Макроэкономикалық саясат. Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы жүйелі әртараптандыру – стратегиялық міндетіміз болуға тиіс.
  • – Экономиканы монополиядан арылту. Жарық, су, жанармай бағасын тұрақты ұстап тұруда мемлекеттік бақылауды күшейту.
  • – Инфрақұрылфмды дамыту. Қазірде ауыл мен қала айырмашылығы жойылып келеді. Осы жұмыстарды одан әрі тереңдету маңызды.
  • – Азаматтардың сапалы медицина мен білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
  • – Табысты жұмыс орындарын ашу.
  • – Мемлекеттік басқару ісін жетілдіру. Әрбір азаматтың табысының жариялылығын жетілдіру.

Бұл көлеңкелі бизнеске тосқауыл қояды. Бұл бағыттағы жобалар жөнінде аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысы Әбілғазы Төлегенов түсіндірме жасады. Бұл міндеттерді баянды ету жергілікті жердегі ҮЕҰ-на да зор жауапкершілік жүктейді.


                                                                                                                                               Баян ҮСЕЙІНОВА
22 сәуір 2023 ж. 150 0