№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастарға жаңа мүмкіндік

Жастарға жаңа мүмкіндік


Осыған дейін төл басылымның кезекті санында жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттің кезекті қолдауы, яғни 2,5 пайыздық несие туралы жазған едік. Жоба мақұлданып, құжат қабылдау сәуір айына дейін ұзартылған. Енді міне құжат қабылдау басталды. Қандай құжат керек және кімдер қатыса алады? Осы жөнінде тағы бір пысықтап алуды жөн көрдік.


«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысуға кез келген жас құқылы. Бұл бағдарлама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асады.
Аграрлық несие корпорация жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты.
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы керек. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Енді несиелеу шартымен таныс болайық. Жалпы несие көлемі 5 млн теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыз. Несие мерзімінде мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін деп көрсетілген. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

– Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады. Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.Қажетті құжаттар тізімі: жеке басын куәландыратын құжат, жоба бойынша бизнес-жоспар, қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар, қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама, қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме). Сондай-ақ, кепіл мүлікті бағалау туралы есеп пен кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжат қажет, – дейді «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков.

Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
10 маусым 2023 ж. 243 0