№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жанармай сатылымын шектеу немесе жасырып қою мәселесі Үкіметте талқыланды

Жанармай сатылымын шектеу немесе жасырып қою мәселесі Үкіметте талқыланды



 Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үйлестіру орталығының отырысында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, оның ішінде дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің баяндауынша, қазіргі уақытта республикада 309 мың тонна дизель отынының жиынтық қоры бар. Сәуір айында тағы 441 мың тонна отын өндірілмек.
Осылайша, осы айда дизельдің жалпы көлемі шамамен 750 мың тонна, ал болжам бойынша тұтыну көлемі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ҚТЖ қажеттіліктерін қоса есептегенде, шамамен 510 мың тоннаны құрайды.
Министрдің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағдай бойынша 415 жанармай құю станциясында дизель отыны болмаған, бұл – еліміздегі 3 163 нысанның 13%-ы.
Энергетика министрлігі тапшылықты тез арада жою үшін жанармай құю станцияларын қосымша отынмен қамтамасыз ету мақсатында өңірлер әкімдіктерінен өтінімдер жинады.
Сондай-ақ мемлекет өңдеу кәсіпорындарында өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Атап айтқанда, Шымкент МӨЗ-ін жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, мұнай өнімдерін жөнелту басталып кетті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отын тапшылығы бар өңірлердегі жанармай құю бекеттеріне басымдық беріледі.
10 сәуір 2023 ж. 178 0