» » АҚЫСЫЗ КЕҢЕС БЕРЕТІН АДВОКАТ

АҚЫСЫЗ КЕҢЕС БЕРЕТІН АДВОКАТ



Нақақтан жалалы болып, ауыр айып арқалаған кісіге араша түсуде адвокаттың еңбегі ерен. Әйтсе де, айыптаушы тараппен тең дәрежеде таласқа түсе алатын білікті заңгерлерге ақы төлеуге екінің бірінің шамасы жетпейді. Мұны мойындаймыз. Мұндай да білікті заңгердің қарапайым КЕҢЕСІНІҢ өзі ауадай көмек һәм керек. Бұл бағытта жағымды жаңалық бар.
Адвокат жалдауды қалтасы көтеретін бар, көтермейтіні бар мемлекет кепілдік беретін заңгер кеңесін пайдалана алады.
⠀Күні кеше Жаңақорғанда Республикалық адвокаттар алқасының бастамасымен Заң кеңесі орталығы ашылды. Басшысы болып, білікті заңгер, адвокат Дәулет Тұрабаев сайланды. Қасында кіл ауданның адуынды заңгерлері мен адвокаттары бар. Әрине заңды бес саусағыңдай білу бұл жерде аздық етеді. Мықты логика, темірдей мықты төзім мен жауапкершілік керек. Әйтпесе, ақша, абырой, атақ, адамгершілік пен әділдік тартысқа түскен тұста кәсіби келбетті сақтап, адамдықтан ажырамауы тиісті адвокат міндеті.
09 сәуір 2023 ж. 163 0