№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқықтық сауаттылық – қоғамның негізі

Құқықтық сауаттылық – қоғамның негізі


Соңғы кездері сот пен прокуратураны жағалап, арыз-шағымын арқалап, әкімдіктің есігін қағып араша іздеген, құқығының қорғалуын талап еткен жандар көбейді. Қысқаша айтқанда, қоғамдағы құқығының заңдылығын түсінбей жүрген жандар рухани болсын, заң жүзінде болсын қолдауға зәру. Осындай мәселелердің алдын алу үшін апта басында аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов пен облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев “Халыққа құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы” екі жақты меморандумға қол қойды.


Меморандумның мақсаты – аудан тұр­ғындарына кең спектрлі құқықтық және өзге де қызмет түрлерін көрсету және билік пен тұрғындардың тиісті деңгейдегі өзара әлеуметтік іс-қимылын қамтамасыз ету. Халыққа құқықтық қызмет көрсету үшін бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру болады.
Жиынды ашып берген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы:

– Екі жақты меморандумға қол қою арқылы біз аудан тұрғындарына құқықтық қызмет түрлерінің кең көлемде, әрі тиісті деңгейде көрсетілуін қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, екі жақты келісімнің көмегімен тұрғындарды қағазбастылықтан арылтып, мәселелердің созбалаңға салынбай, дер кезінде шешілуіне ықпал етеміз деген үлкен сенім бар. Бұл – заман талабы. Сондықтан бүгінгі меморандум екі тарапқа да тиімділігін көрсетіп, халықтың билікке деген сенімін нығайтады, – деп бұл меморандумның маңызына ерекше тоқталды.

Иә, әсіресе әлеуметтік желіде өз құқығын білмей, заңгер іздегендердің жарнамасы көбейді. Сотқа жүгініп, әділ шешілуін талап ететіндердің аз емес екендігін құзырлы орган растайды. Мәселенің байыбына бармай, байбалам салып, әділдік іздейтіндер енді арнайы мамандардан кеңес алып, содан соң тиісті әрекет ететін болады. Бұл қос тарапқа, яғни, жәбірленуші мен құзырлы мекемеге де тиімді. Мәселенің тез, әрі әділ шешілуіне мүмкіндік береді.
– Қазір халықтың басым көбі қалай заң жүзінде әрекет етудің тетігін түсіне бер­мейді. Қоғамда азаматтық даулар, әлеу­меттік мәселелердің де ауқымы кеңейді. Оған бағыт-бағдар беретін Жаңақорғанда санаулы ғана адвокат бар. Олар әрбірінің ісіне үлгере алмайды. Енді тұрғындар кез келген уақытта орталыққа келіп, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады. Бұл бағыт бойынша тегін көмек беріледі, оның да өзіндік санаттары болады. Біздегі тағы бір үлкен мәселе, алдын алуды ойламаймыз, заңгерлерді тек барлық іс шегіне жеткенде ғана жалдап, көмегіне жүгінеміз. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін жаңа жобамызды қолға алудамыз. Ең бастысы, елге қолдан келгенше қызмет жасау, – деді М.Даубалаев.
Облыстық адвокаттар алқасының төрағасы қолдау көрсеткені үшін аудан басшысына алғысын білдіріп, жаңақорғандықтарға қашанда құқық­тық кеңес беруге, олардың заң ая­сында мүддесін қорғауға дайын еке­нін жеткізді. Жаңақорған аудандық Заң кеңесі адвокаттар алқасының басшысы болып Даулет Тұрабаев тағайындалды. Меморандумның мақ­саты – Жаңақорған ауданының тұр­ғындарына кең спектрлі құқықтық және өзге де қызмет түрлерін көрсету және билік пен тұрғындардың ти­істі деңгейдегі өзара әлеуметтік іс қимылын қамтамасыз ету, ха­лық­қа құқықтық қызмет көрсету үшін бірлескен және келісілген іс-қимыл­дарды жүзеге асыру болып табылады.
Ал, адвокаттар алқасы заң кең­есін беру кезінде тұлғалармен әңгі­мелесіп, істің мән-жайын анық­тайды, тұлға­лар ұсынған құ­жат­тарды зерттейді. Жеке және заңды тұлғаларға құқық­тық мәсе­лелер бойынша кеңес бе­реді, соның ішінде, тұтынушылар­дың құқық­тары, бостандықтары мен заң­ды мүд­делеріне, өтініштерді, арыздар мен өтініш хаттарды және құқықтық сипатта­ғы өзге де құжаттарды жа­сауға қатысты кеңестер береді. Адвокат жеке және заңды тұлғаларға ауызша немесе жазбаша нысанда кеңес береді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
28 қаңтар 2023 ж. 312 0