№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ



15 наурыз күні облыстық Мемлекеттік қызметтер агенттігі ұйымдастырған «Бақытты отбасы» байқауында жаңақорғандық Абсадықовтар жанұясы «Өнерлі отбасы» номинациясымен марапатталды.
Арал, Шиелі, Қызылорда қаласын қосқанда 5 отбасы қатысқан бұл жарыста Жаңақорған атынан аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы Марат Қалилаұлы мен жары аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Мейрамкүл Омарбекқызы бақтарын сынады.
Байқау таныстырумен басталып, ер азаматтарға арналған асық ату ойынымен жалғасты. Нәзік жандылар қамыр жаю, табақ жасау бойынша өз шеберліктерін сынға салды. Сырға салу салтын айшықтап ұлттық дәстүр-салтымызды ұлықтады. Cондай-ақ зияткерлік бағыттағы мақал-мәтел сайысында қатысушылар шапшаңдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті .
Мемлекеттік қызметтің маңызын терең ұғынып, жауапкершілікпен қарайтын отбасы 2 қыз, 3 ұлдың ата-анасы.
– Нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды қарап отыру күнделікті дағдымызға айналған. Жұмыстан кейін жолдасым үй шаруасымен айналысып, балалардың сабағына көңіл бөледі. Қарты бар үйдің қазынасы бар. Отбасымызда әжеміз балаларға тәрбиелік мәні бар ертегілер мен жыр-дастандарды айтып отырады. Осылайша болашақ ұлтжанды, қазақылықты қанына сіңірген ұрпақтың қалыптасуына жол ашып отыр. Сонымен қатар балаларды еңбекқорлыққа баулу мақсатында демалыс күндері ауладағы бақшалықты күтімге алып, ағаш егеміз, – дейді отағасы Марат бізбен әңгімесінде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл өткен тарихтың және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты... Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тәртіпті болуымыз керек. Ең алдымен отаншыл болуымыз қажет...» деген болатын VIII сайланған Парламент сессиясында. Мемлекеттік қызмет пен отбасындағы рухани тәрбиені ұштастыра алған Абсадықовтар отбасы Мемлекет басшысы айтқан осы жауапкершілікті сезінгендігімен көпке үлгі.

                                                                                                                                                Рауза ӘЗІЛХАН
01 сәуір 2023 ж. 207 0