№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана қадірі қандай?

Ана қадірі қандай?



Жұмыр жер жүзінде ананың аялы алақанынан асқан қастерлі нәрсе жоқ. Қайда жүрсек те анамыздың ақ тілеуін сезініп, жұбаныш көретініміз анық. Ана бар жерде бақыт та байлық та тұрақты. Берекенің ұйытқысы, тіршіліктің тұтқасы бола білген аналар арамызда жүргенде ешқандай өкініш жоқ.
Әттең, ананың қадірін дер кезінде сезіне алмай, өз қадірін өзі кетірген замандастарымның іс-әрекетіне қарап жүрегім езіліп кетеді. Мақала жазуға енді ғана отырған едім. Есіктен ентігіп кірген қарт ана қалтыраған үнмен тіл қатты: – Қызым, сенің оқшау ойыңды үзбей оқимын. Көктем мерекесіне орай келініме хат жазып берші! – Құттықтап па? – Құттықтауға да жатпас, ақылкеңес ретінде бір оқшау ой жазшы! Айналайын, асыл ана-ай! Жүрегіне жиған бар назын ақтарып, ағыл-тегіл болды. Жанын шүберекке түйіп, жалғыз баласының жолында барлық ғұмырын арнаған ананың мұңын тыңдап, санам сансаққа кетті. Білместікпен жасаған балалық қылығына да, есі кірген шақта көрсеткен қияметін де терең құдықтай ішке сақтай беріпті. Жалғыз баланың тек өзін ойлап дара болып өсетіні түсінікті ғой. Тентек баласын түзу жолға салар деп, еті тірі қызға құда түсіп алыпты. Қыз кезінде тым пысық көрінгенімен ақбосаға аттаған сәттен-ақ, «өнерін» көрсетіпті. Төргі төсек жиылмастан жамбастап жатып алатын көрінеді. Келінінің қылығын алғашқыда үйреніспей жүрген болар деп үй шаруасын өзі атқара беріпті. Осылай күндер өте беріпті. Күндердің күнінде немерелі болып, қуанышында шек болмайды. Қазақ салтында тұңғыш бала өмірге келсе ата-ененің баласы деп жатады. Сол ғұрыппен баланы бауырына басып, өсіруді армандайды. «Апа, ұстамаңызшы, қолыңыз қатты ғой» деп жанына жуытпағаны ананың жүрегін тілімдеп өткендей болады. Жөргектегі баланы бір емірене алмаған ананың хәлі қалай болмақ? Таусылуға шақ қалған ананың мұңы жүрекке батты. Бейбіт заманда өмір кешсек те тұрлауы жоқ тіршіліктің жетегінде жүріп, отбасы құндылығын дәріптей алмай жүргендейміз. Отбасының алтын діңгегі ата-енеге деген құрметтің кеміп бара жатқаны жанға батады. Бұл жас отау иелерінің көргенсіздігі ме, әлде дәрменсіздігі ме? Тоғыз ай он күн толғаған ананың қадірі қандай? Бұған адам кінәлі ме, заман ба?
                                                                                                                            Мақпал МАРҚАБАЙ
11 наурыз 2023 ж. 515 0