Қызылордада қоғамдық штаб мүшелеріне алғыс білдірілді
Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов облыстық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың алғысын жеткізді.
Мемлекет Басшысының «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес аймақта референдумды қолдау шараларына азаматтық қоғам өкілдерінен облыстық штаб құрылып, халық арасында үгіт-насихат жүргізуге белсенді атсалысты. Оның құрамына үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер, ғалымдар, заңгерлер, қоғам белсенділері кірді.
«Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша халық арасында кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің рөлі зор болды. Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Президенттің Конституциядан бастауын барша Сыр жұртшылығы әділеттіліктің нышаны ретінде қабылдап, Мемлекет Басшысының бастамаларына сенім артты және қолдау білдірді. Оның айқын дәлелі, республика деңгейіндегі дауыс беру көрсеткішімен Қызылорда облысы екінші орынға тұрақтап, үздік өңірлер қатарынан көрінді», – деді Шахмардан Байманов.
Кездесу барысында штаб төрағасы Жандос Базартай сөз алып, штаб мүшелерінің Жаңақорған ауданынан бастап Арал ауданына дейін елді мекен тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоғары дәрежеде жүргізілген атап өтті.
Кездесу соңында Шахмардан Байманов штаб мүшелеріне облыс әкімінің «Алғыс хатын» және «Кітап ал» дүкенінің сертификатын табыстады