№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрігерлер адам өмірін сақтап қалады

Дәрігерлер адам өмірін сақтап қалады

Ажал күтпеген жерден келеді. Қызылордаға барар жолда, Жалағаш ауданының тас жолында көліктің дөңгелектері жарылып, ол шұңқырға аударылып кеткен. Барлығы бір сәтте болды, деп еске алады Қармақшы ауданының тұрғыны Өмірбек Қаhарманов.
«Көлікте біз төрт адам болғанбыз. Жүргізуші мен інім зардап шеккен жоқ, тек қарындасым екеуміз жарақат алдық. Жедел жәрдеммен бізді аудандық ауруханаға жеткізіп, жедел медициналық көмек көрсетті. Апат салдарынан миым шайқалып, сол қолым сынған. Дәрігерлер ота жасап, гипс салды. Қазір денсаулығым жақсы. Қарындасыма да ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты. Дәрігерлерге көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын», - дейді пациент.
Өмірбек Қаhарманов жұмыс істемейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемін дербес төлеуші ретінде төлеп (ай сайын – 2125 тг) «сақтандырылған» мәртебесін алды. Емделуден кейін науқасқа оңалтудан ем алу ұсынылды, деп хабарлады Жалағаш аудандық ауруханасының жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Оспанов.
«Электронды-оптикалық түрлендіргіштің көмегімен инвазивтілігі төмен отауларды жүргіземіз. Жақында лапароскопиялық отауларды бастауды жоспарлап отырмыз, мамандар даярладық. Аталған аппараттар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен сатып алынды», - деп атап өтті хирург-дәрігер Оспанов.
Жыл басынан бері Жалағаш аудандық ауруханасында барлығы 192 ота жасалды, оның 169-ы МӘМС аясында, 23-і тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
21 мамыр 2021 ж. 721 0