«Дәстүр» қолөнер орталығы қоғамдық қоры
Қазақ халқы өзінің күн көріс қажеттілігіне үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, олардың күнделікті тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халқымыздың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады. Балалық шағымызда әрбір отбасы, әке баласына, ана қызына күнделікті тұтынатын қолдан жасалған бұйымдарын жасауға баулыса, бүгінгі таңда бәрі ұмыт қалған секілді. Себебі заманауи технологияның күші шет елдерден ағылып елімізге өз тауарларын күнделікті пайдалануға сатуда. Жалпы алғанда егемендігіміздің 30 жылдығында еліміздің қарқынды дамуы ел мақтаныштарының ауыз екі сөзінде қалды. Еліміздің жастары заманауи технологияның дамуына еліктеп, тек пайдалану деңгейінде қалды. Ұлттық құндылығымыздың туындылары, өнері бүгінде жалпы халық арасында ұмыт болып барады. Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата-бабадан ұрпаққа жеткен әр отбасындағы шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігінің туындылары бүгінгі таңда музейлерден, оқулықтардан, теледидардағы арнайы хабарлардан, ұлттық мерекелерде ғана көретін деңгейге жеттік. Десекте бүгінде осы ата-баба аманатын арқалап жүрген жандарда аз емес. Туындыларына тәнті болған халқымыз ол кісілерді қолөнер шеберлері деп атап кеткен. Ұлттың ұлылығын көрсететіні оның мәдениеті, тілінің байлығы, салт-дәстүрі мен өнері екені ақиқат. Осы бір бабадан балаға мирасталып келе жатқан құндылықтарымызды насихаттау, дамыту, жастардың бойына сіңіріп, болашаққа қалдыру әрбір заман иелігінің, жанашырдың міндеті. Ұлттық мерекеміз Наурыз күні құндылығымызды насихаттап, ұйымдастырушылар қолөнер шеберлерін іздестіріп көрсетуге асық болады. Осындай шараларда халқымыздың ұлттық дүниелеріміздің көрмесінде тәнті болып, шеберлерге алғысын білдіріп, ұлттық құндылығымыздың бай туындыларына баға жетпестігіне көз тастаумен болады. Атағы шыққан әулетімен кәсіптенген шеберлерде бүгінгі таңда сиреп бара жатқаны байқалады. Металды өңдеп, темірді түйіп, зергерлік шеберлері, ағаш шеберлері, тоқымашы шеберлер бүгінде қартайған. Ал осы кісілердің орнын басар бүгінде ұрпақ аз. Өңіріміздің шеберелерінің танымалдығы шет ел асып, туындыларын мойындаған тұлғаларымызда жоқ емес. Осы ата-баба аманатын насихаттап келер ұрпаққа жеткізуде шеберлердің бірігуі үлкен серпін берді. 2014 жылдан бері еліміздің шеберлері арасында бірігіп насихаттау ұсыныстары кеңінен айтыла бастады. Міне, 2020 жылдың басында шеберлердің ұлттық құндылығымызды насихаттап, келер ұрпаққа жеткізсек деген, қолөнерден-өнеркәсіпке жастарымызды баулысақ деген ниеттері бір орталықты құра білді. Заман талабына сай түрлендіріп дамытуда халықты қолөнер туындыларымен шет елдің тауарларының орнын басатындай өз тауарларын жасауға шақыру мақсатында орталық құрылды. Орталықтың мүшелері өз күштерімен халық арасында, оқушыларға дәстүрімізді терең насихаттауда. Жастарды күнделікті тұтынатын тауарларды өзімізде өндіруге, сапасын арттыруға күш жұмсау керектігін, елдің экономикасына септігімізді тигізуге насихаттап келеді. Қызылорда облысының «Дәстүр» қолөнер орталығы қоғамдық қоры (ары қарай, орталық) бүгінде бірнеше мекемелермен меморандумға отырып, жастарды кәсіпке баулуда өз күшін тегін насихаттауда. Орталық бүгінгі таңда құрамында отыздан аса шеберлер бірігіп жұмыс жасауда. Орталықтың шаңырағында зерек зергер, шеберлігінде құпиялылығы бар Құдайберген, ағаштан түйін тиген Жәнібек бастаған ақсақалдарымыз артынан ерген Мырзабек, Мұрат көкелеріміздің, Марияш, Бақыткүл, Гүлнар, Қаныкүл, Шахаркүл апаларымыздың өсиет тілектерін Қыздаркүл, Айдана, Айзат, Балжан шебер апайларымыз, жаста болса Мархаббат, ең кенжесі Жасұлан іні қарындастарымызда әрбір іс шараны тыңғылықты ұйымдастыруда атсалысуда. Орталығымыздың жанашыры, демеушісі, ағаш ұстасы Фахриддин мырзаныңда ерен еңбегі еленуі тиіс. Ол кісінің арда қазақтың дәстүрін жандандырудағы зор жұмыстарын өнерден кәсіпке бағыттаудағы ойларын қолдаймыз. Бүгінде орталықтың іс шарасын еліміздің зиялылары қолдау көрсетіп, ресми басылымдарда жарық көруде. Атап айтатын болсақ, «Қазақстан дәуірі» халықаралық, қоғамдық-саяси газетінде, «Ұлттық өнер рухани қазына» республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журнал сонымен қатар, өңіріміздің ресми басылымдарында, телеарналарында, еліміздің басқада өңірлерінде насихатталуда. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әрбір іс шара барысы, дәстүр тағлымдары насихатталып келеді. «Дәстүр» қолөнер орталығын құрудағы басты мақсатта кәсіптен нәсіп тауып, сол ізбен ғылыми ізденісте, тәжірибеде шәкірт тәрбиелеп, өнер ордасы арқылы елімізге кішкене болсада үлесімізді қосуға шеберлеріміз дайын.
Қызылорда облысының «Дәстүр» қолөнер орталығы қоғамдық қоры 2020 жылдың 11 ақпанында құқықтық қоғамдық қор формасында құрылтайшыландырылған, коммерциялық емес ұйым (БИН№200240014018) болып құрылды. Қордың мақсаты: Қызылорда облысының қолөнершілерінің белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық құқықтары мен еркіндігін қорғау және мәдени-ағартушылық, ғылыми-зерттеу, жастарды патриоттыққа, имандылыққа, өнегелі етіп тәрбиелеу. Жастар мен шәкірттерді қолөнер бұйымдарына баулу, ғылыми бағыттарда жоғары және орта арнаулы оқу орындарында іс-шараларды ұйымдастыру. Әлеуметтік қолдау, дарынды және талантты жастардың қатарын көбейту. Орталықтың алғашқы бірлескен жұмысы 2021 жылдың 20 ақпанында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ішкі саясат бөлімі мен «Аңсаған» МШБҚБ арасында дәстүрлі «Қауышу» күніне орай «Әжемнен қалған қолөнер» тақырыбында қолөнер шеберлерімен тәжірибе алмасу сағаттары бойынша өтті. 2021 жылдың наурыз айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Дәстүрлі өнер институты, Сәндік қолданбалы және бейленелеу өнері кафедрасымен, «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі» МКҚК, Тасбөгет кенті әкімшілігімен бірлескен «Ұлттық өнер-ата дәстүр мұрасы» тақырыбымен облыстық аумақта көрме өткізілді. 2021 жылдың 03 сәуірінде Арал ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, бірлескен «Атадан балаға мұра» облыстық қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілді. Көрме барысында орталықтың шебері Құлманбетов Құдайберген көкеміздің облыс емес, Қазақстан еліне белгілі зергерлік өнер жолында өзіндік жасалу әдісі ешкімге танылмаған құпиялылығы бар мықты зергер десек қателеспейміз. Міне, осындай зерек кісілерді мерей тойларында орталықтың атынан шапаны мен бөркі жабылып марапат жасалды. 2021 жылдың 28 маусымында және 26 шілде айында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы мен Павлодар облысы Успен ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің өзара жасасқан рухани-мәдени ынтымақтастық меморандумы аясында «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарада «Дәстүрін дәріптеген аудан» атты көрме өткізілді. Көрме деңгейі қызығушылық танытып, орталыққа алғыс хат марапаттары берілді. Успен ауданы мәдениет және тілдерді дамыту орталығынан көшпелі көрме өткізуге ұсыныс жасалды. Көрме соңы «Орда Сығанақ» шипажайында «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 2021 жылдың 30 қыркүйегінде «Қолөнер-асыл қазына» көрме-фестивалі ұйымдастырылып, шеберлерді облыс әкімі алғыс хаттармен марапаттады. 2021 жылдың 24 қараша күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында бірлескен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Атадан қалған асыл мұра» облыстық көрмесі өткізілді. Көрме барысында «Дәстүр» қолөнер орталығының ресми орны мен ашылу салтанаты және мүшелікке енген шеберлерге куәлік табыс етілді. Көрмеге орталықтың 30 дан аса шеберлері қатысып, орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды. Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында орталықтың және Тасбөгет әкімшілігінің қолдауымен С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің сонымен қатар, Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің бірлескен орталықтың үйлестірушісі Айзат Мырзаеваның ұлттық қолөнерді дәріптеуге арналған шығармашылық кеші өткізілді. Кеште қолөнерші Айзат Сұлтанқызының «Ұлттық өнер-рухани қазына» атты республикалық ғылыми-әдістемелік журналының және өзі бастап ашқан тігін шеберханасының тұсауы кесілді. Осы айдың 9 желтоқсанда «Тәуелсіздік-тәңірдің тәтті сыйы» атты Жаңақорған ауданының орталық алаңында аудан басшысының қатысуымен өткен шарада орталық облыстық аумақта көрме өткізуге атсалысты. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, орталықтың шебері Жәнібек Махамбеттің «Дала тынысы» атты шығармашылық көрмесі аясында Жәнібек ақсақалға арнайы тігілген шапан жабылып, мерейін көтерді.
Орталықтың жұмысы барысында төмендегі мекемелермен меморандумға отырды. Атап айтар болсақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Дәстүрлі өнер институты, Сәндік қолданбалы және бейленелеу өнері кафедрасымен, «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі» МКҚК. Орталықтың жұмысын қолдау мақсатында облыстық және республикалық ресми басылымдар шеберлердің жеке шығармашылық жұмысын таныту мақсатында бірлескен мақалалар жариялануда. Осы орайда, алғашқылардың бірі болып шеберлер туралы тың мәліметтерін жариялаған «Қазақстан дәуірі» халықаралық қоғамдық-саяси газетіне, Сырбойы газетіне, Кызылординский вести, Ұстаз ұлағаты басылымдарына алғысымыз зор. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында және жоғарғы оқу орындары арасындағы білім алушылардың ғылыми зерттеу орындар алуда.
Акпанов Канат Амангелдиевич Қызылорда облысы
«Дәстүр» қолөнер орталығы қоғамдық қорының директоры