№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңызды бесiкке бөлейсiз бе?

Балаңызды бесiкке бөлейсiз бе?


Расында, көзге оғаш көрiнедi екен. Iштей салтымыздың сыртқары қалғанына көңiлiм құлазып, жеңгемнiң жасаған әрекетiне ұялдым. Ақиқатын айтсақ, бесiктi қастерлеп кез-келген жерге тастамай, жоғарыға шығарып, атадан-балаға мұра ретiнде сақтап отыратын мүлiк емес пе? Жарық дүние есiгiн ашқан сәбидi бесiкке бөлеу бiздiң ертеден қалыптасқан дәстүрiмiз. «Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесiкке жат, бөпем!» деп бесiк жырын айтып өсiрген баланың бойына адамгершiлiк, инабаттылық, iзеттiлiк, қарапайымдылық қасиеттер қалыптаса бастайды дейтiн ырым қайда қалып бара жатыр.
Иә, бүгiнгi күнi бесiктi қолдану бiрте-бiрте тұрмыс-салтымыздан шығып бара жатқаны жанға батады. Заман көшi iлгерi жылжыған сайын, ғылым мен техниканың күн санап қарыштап дамуы бiздiң өмiр салтымызды айтарлықтай жеңiлдете бастағаны сөзсiз. Әсiресе, жас аналарға бұндай жаңалықтар көп пайдасын тигiзiп жатыр. Қазiр ауылда баланы бесiкке шүмексiз бiр реттiк жаялықпен жатқызатын болса, қалада мүлдем жатқыз­байтын аналар да кездеседi. Сол бiр реттiк жаялық киiп өскен балалардың өскенде кiшi дәретiн ұстай алмайтындығы талай мәрте айтылып та, жазылып та жүр. Тiптi, ғалымдар бүге-шүгесiне дейiн зерттеп, дәлелдеп берiп те отыр. Әсiресе, ұл балаларға зиян деп дабыл қағып жатыр. Бәлкiм, соңғы уақыттары белсiз еркектер санының күн санап артуы да осыған дәлел болса керек. Бiрақ, оған мән берiп жатқан тiрi пенде байқалмайды. Оның үстiне, перзентханаларда жаңа туған нәрестелерге бiрден киiм кигiзу бүгiнде таңғаларлық жағдай емес. Себебi, бұл Дү­ние­жүзiлiк денсаулық сақтау ұйы­мының бағдарламасы екен. Ал, бағ­дар­ламаны елiмiздiң Денсаулық сақтау министрлiгi енгiзген. Еуропада пайда болып, бүгiнде бүкiл әлем қолдап отырған бұл бағдарламаны ойлап тапқандардың мақсаты – сәбидi туғаннан еркiндiкте өсiру. Бiзде де Еуропа ғалымдарының ойлап тап­қанын дұрыс көрiп, жас аналарға құн­дақ­тау мен бесiкке жатқызуды дұрыс емес деп ақыл айтып жүргендердiң саны басым. Баланы бесiкке бөлеу мен құндақ­тауды зиян деп тапқандардың бiр реттiк жаялықтардың зиян­ды­ғына көз жұма қарауы таңғалдырады, әрине. Зияны шаш етектен болатын бiрреттiк жаялықтың орнына халқымыз қолданып келген, баланың тазалығына, аяқ қолы мен денесiнiң түзу болып қалыптасуына тигiзер пайдасы көп, бесiктi қолдануға құлықсыздық танытатынымыз қиын-ақ. Мысалы, бесiкке арнайы орнатылған түбек пен шүмек баланың үлкен, кiшi дәретiн төсегiне, денесiне жайып жiбермей, таза болуына және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды.
Бiле бiлгенге, бесiк ананың үй шаруашылығымен айналысуына таптырмас дүние емес пе? Бесiкке бөлеген бала тамағы тоқ, денi сау болса күнi бойы ұйықтап жата бередi. Ал, бiр реттiк жаялық киiп, емiн-еркiн жатқан бала ербеңдеген қол-аяғынан шошып, жиi оянатыны айтпаса да түсiнiктi. Ұйқысы тыныш болмаған соң, ол бала мазасыз болады. Дұрыс дем­ал­маған мұндай балалардың зердесi толық жетiлмейтiндiгi медицинада әлдеқашан дә­лел­денген. Оның үстiне, бесiк күн ыстықта салқын бол­са, ал күн суықта жылы болады. Жас бала ыстық­тап көрпесiн теуiп тастайтыны тағы бар. Ал бесiкке бөленгендiктен ол қимыл­дай алмай, тыныш ұйқыға кетедi. әрi көп уақытын бе­сiкте өткiзетiн бала сырт көз­ден таса болады. Бұл сәби­дiң тiл-көзден ау­лақ болуына септiгiн ти­гiзедi. Ал бесiк жырын тыңда­ған баланың қанына ұлттық қасиет да­риды. Бұл айтылғандар бесiктiң толып жатқан пай­да­сының бiр парасы ғана.
Қазақ бесiктi бекерден-бекер қолдан­ба­ған. Оның артықшылығына көз жеткiзiп, пай­дасын түсiнгеннен кейiн өмiр сүру сал­тының бөлiнбес бөлшегiне айналдырған, яғни бесiк – тұрмыстық бұйым ғана емес, денi сау, санасы сара ұрпақ өсiрудiң маңыз­ды құралы.
Советхан ҒАББАСОВ, этнограф:
– Қазiр көптеген ата-ана бесiк орны­на заманауи жөргектi пайдаланады. Бiрақ ол қа­зақ­тың бесiгiн бәрiбiр ауыс­тыра алмай­ды. Бесiктiң теңдесi жоқ ғылыми жаңалығы бар. Бесiктен асқан пайдалы нәрсе жоқ. Бұны бренд етiп ұсынуымызға болады. Оның ең құдыреттiлiгi баланың алғашқы үш айлығында бiлiнедi. Өйткенi, осы уақыт аралығында бала 22-23 сағат ұйықтауға тиiс. Бiр жасушадан бүкiл мүше, бiр нүктеден ми, жүйке жүйесi пайда болады. Мiне, осы үш айда бесiктiң балаға берер нәрсесiн ешнәрсе бере алмайды. Бесiктi 22-23 сағат ұйықтаған баланың бiр ғана жаялығы су болады. Осы күнi өз дәстүрiнен жерiгеннiң салдарынан кейбiр әйелдер қыстың көзi қырауда қырық жаялық жуып отырады. Оның үстiне баланың ұйқысы көп бұзылады. Бiр күнде 7-8 рет ояну бала үшiн де, ана үшiн де өте ауыр. Салдарынан, бiр айдың iшiнде бала да, анасы да невроз болып шығады. Бiлесiз бе, бүкiл аурудың ең алғашқы негiзi невроздан басталады.
Индира СҮЛЕЙМЕНОВА, педиатр:
– Өз басым баланы бесiкке бөлеудi қолдай бермеймiн әрi аналардың барлығына балаңызды бесiкке бөлеңiз деп те үгiттей алмаймын. Ол ертеректе ата-бабаларымызға өте ыңғайлы болған. Өйткенi, көшiп-қонып жүргенге таптырмас мүлiк қой. Қазiргi уақытта да ауылдық жерде тұратындарға пайдасы көп шығар. Себебi, түнгi мезгiлде от жақпайды, бала бесiкте жылы жатады. Әрi әйелдiң үй шаруасымен айналысуына да ыңғайлы. Медицина тұрғысынан да керi әсер бар деп те айта алмаймын. Алайда, бесiкте тамаққа тойып жатқаннан бала тұншығып қалуы мүмкiн. Негiзi баланың аяқ-қолы кiшкене бос жатуы керек. Ал, баланың аяқ-қолын қатты байлап қою неврологиялық тұрғыдан жақсы нәрсе емес. Оның үстiне, бесiктiң бетiн жауып қояды, бала қараңғыда жата бередi. Бұл баланың болашақта қорқыныш сезiмiнiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Әйткенмен, баланы санаулы уақытқа ғана, яғни ұйықтар кезiнде бесiкке бөлегенi дұрыс. Есiңiзде болсын, бесiк­ке бөлеп, баланы емiзгеннен кейiн басын бiр жағына қарай бұрып қою керек. Себебi, бала тiкесiнен жатып құсқан уақытта, ол тыныс жолдарына кетiп, тұншығып қалуы мүмкiн. Бiрақ, күндiз-түнi бесiкке бөлеуге де болмайды. Қазiргi таңда жаңа туған сәбилердiң ара­сында туа бiткен жүрек жә­не өкпе, туа бiткен жам­бастың дұрыс бiтпеу сынды жағдайлар кездесiп жатады. Осы үш патологиялық жағ­­дайда баланы бесiкке бөлеуге болмайды, мұндай жағдайда бала­ның қан айналымы, өкпемен те­рең демалуы нашарлайды.
Әсел РЗАЕВА
28 тамыз 2023 ж. 196 0