№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстық адвокаттар алқасының қатысуы мен жедел мәжіліс өтті

Облыстық адвокаттар алқасының қатысуы мен жедел мәжіліс өтті


Жедел мәжіліске облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Даубалаев Мейрбек Тилләбекұлымен алқа мүшелері қатыстырылды.
Оның барысында қылмыстық қудалау органдарымен сотқа дейінгі тергеп-
тексеруді ұйымдастыру барысында туындаған мәселелер талқыланып, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында іс-шаралар белгіленді.
Атап айтқанда, адамдардың қылмыстық қудалау органдарына негізсіз жеткізілуі нболдырмау, жеткізу мен ұстап алу кезінде Қылмыстық процестік кодекстің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтарды білікті заң көмегімен қамтамасыз бағытында бірлесіп әрекет жасау мәселесі көтерілді.
Сонымен қатар «Прокуратуратуралы» Конституциялық Заңының ерекшеліктері талқыланды.
Нақтылағанда, қазіргі заманғысын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің нығайтуды талап етеді.
Осыған сәйкес «Прокуратуратуралы» Конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құралдармен тетіктер бекітілді.
Конституциялы қзаңға сәйкес Бас Прокурордың Конституцияға ресми түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасау өкілеттігі берілген.
Бұдан бөлек прокурор актілерінің жүйесі қылмыстық қудалау саласындағы актілермен толықтырылып, прокурорлық қадағалау актілерінің жүйесі кеңейтілді.
Бұл актіле разаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін жылдам қорғау мақсатында қолданылатын болады.
Конституциялық заң жобасы тұтастай алғанда елдегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешуге бағытталған.

23 қараша 2022 ж. 287 0