«ASU» баспа үйі «балапан» телеарнасымен бірге балалар үшін
Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Қызылорда қаламгерлер қауымдастығының» ұйымдастыруымен «Балапан» телеарнасының «Сиқырлы тас», «Әл-Фараби» мультсериалдары бойынша шығарылған бояу кітапшаларының тұсаукесері өткізіліп отыр.
Биыл «Балалардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген Президент сөзін басты ұстаным еткен «Балалар жылын» да қорытындылайтын уақыт жақындап қалды. Ұрандап, мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты ісшаралар жасалуға тиіс болды.
Осы орайда Қазақстан нарығында баспа саласында ширек ғасырдан аса қызмет көрсетіп келе жатқан «ASU» баспа үйі» ЖШС мен «Балапан» телеарнасының арасында жасалған келісім шарт негізінде алғаш рет отандық анимациялық фильмдердің бояу кітапшаларын шығару қолға алынды.
Эфирлік қаралымы жоғары болған 3D форматындағы «Сиқырлы тас» мультсериалының кейіпкерлері алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Бұл мультсериал балалардың ой көкжиегін кеңейтуде, қиял-ғажайып әлемін дамытуда үлкен маңызға ие.
Әлемдік ғылымға екінші өмір сыйлағаны үшін шығыс ғұламалары Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп атаған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби баба жайында түсірілген «Әл Фараби» мультсериалының жобасы алты жастан асқан балаларға арналып отыр. Мұнда балалар кейіпкерлерді бояп қана қоймайды, ұлы ойшылдың қанатты сөздерін көңіл зердесіне тоқиды.
Көгілдір экраннан тамашалайтын сүйікті кейіпкерлерін бояй отырып, біздің жас достарымыздың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы артады деген ниетпен осындай жоба ұсынылып отыр.
Кітапшада орналасқан QR белгісін сканерлеу арқылы екі мультсериалды да кез келген қолайлы уақытта тамашалауға болады.
Мультсериалдар кейіпкері мен ондағы оқиғалар бейнеленген бояу кітапшалары күнделікті смартфон ұрлап жатқан бала тәрбиесіндегі бос кеңістікті толтырады деген сенімдеміз.
Тұсаукесер рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.А.Сақтағанов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Ж.Қазбекова, облыстық мәслихат депутаты, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.С.Оңғарбаев, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық жоғары колледждің оқытушысы Айнұр Қарамұрзаева, «ASU» баспа үйі» ЖШС-ның директоры Қасымхан Қыдырбаев, сондай-ақ балалар мен оның болашағына бей-жай қарамайтын аймағымыздың зиялы қауымының өкілдері, республикалық БАҚ-тың өңірдегі меншікті тілшілері, Қызылорда облыстық телеарнасы, қоғамдық теледидар және аймағымызға белгілі жергілікті мерзімді басылымдардың журналистері, білім беру саласының басқарма, бөлім басшылары, кітап саудасы саласының менеджерлері қатысады деп күтілуде.