№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жүкті әйелдердің жиі қойылатын сұрақтары

Жүкті әйелдердің жиі қойылатын сұрақтары



Медициналық сақтандырудың жоқтығынан жүкті әйелді есепке алудан бас тартылуымүмкін бе; егер ЖК-сі бар болса,«декреттегі әйел» МӘМС жарнасын төлеуі тиіс пе; МӘМС шеңберінде жүктілікке байланысты УДЗ тиесілі ме? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №6 қалалық емханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Индира Ермахановамен бірлесіп, болашақ аналар жиі кездесетін жағдайлар бойынша түсініктеме дайындады.

1-жағдай:
«Мені жүктілік бойынша есепке қоюдан бас тартылады, себебі мен сақтандырылмағанмын. Менің 12 айға ақы төлеуге мүмкіндігім жоқ, не істеуім керек?»
Жүктілік бойынша есепке тұру үшін әйелдің келесі мамандарға жүгінуге мүмкіндігі бар:
1) акушер-гинеколог – оның консультациясы МӘМС шеңберінде жүргізіледі, сондықтан қабылдауға жазылу үшін сақтандырылған болу қажет;
2) жалпы практика дәрігері және акушер – олардың қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі, адамның сақтандырылған мәртебесі қажет емес.
Яғни сақтандырылмаған жүкті әйелді емхананың учаскесінде қабылдауға және жүктілік бойынша есепке қоюға болады.
Содан кейін үш күн ішінде әйел жеңілдікті санаттың өкілі – «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» ретінде сақтандырылған мәртебесін алады. Ал ол жұмыссыз болса, мемлекет ол үшін жарна төлейді. Бұл оған МӘМС тізбесіне кіретін қажетті тексерулерден, скринингтерден және т. б. өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер үшін түсініктеме бергім келеді. Оны өздері үшін жұмыс істейтін адамдар төлейтіндіктен, БЖТ төлейтін әйел бұдан былай «жұмыс істемейтін» болып саналмайды және жеңілдік санатынан шығарылады.

2-жағдай:
«Мен жүктімін, есепте тұрмын. Жеңілдік санатына кіретін адам ретінде сақтандырылғанмын. Бірақ декреттік төлемдерді алу үшін БЖТ төледім, қазір жүйедегі мәртебем «САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН». Неліктен бұл орын алды және мәртебені қайтадан алу үшін не істеу керек?»
МӘМС жүүйесінде жеңілдік санаты «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» деп аталады. Олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Бұл санатқа ресми түрде жұмыс істемейтін және соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түспеген әйел кіре алады. Егер әйел ресми түрде жұмыс істесе, онда декреттік демалысқа шыққаннан кейін жұмыс беруші ол үшін жарналар мен аударымдарды төлеуді тоқтатады. Және ол «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар» жеңілдікті санатына енгізіледі. Бұдан әрі ол мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады.
БЖТ-ға келетін болсақ, салық заңнамасы бойынша оны ресми жұмысқа орналаспаған, тіркелген ЖК-сі жоқ, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар төлейді. Бірыңғай жиынтық төлем бірнеше төлемдерді қамтиды: БЖТ – ның 10% – ы жеке табыс салығын, 20% - ы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, 30% - ы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, 40 % – ы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды құрайды. БЖТ-ны қандай да бір табыс алатын азаматтар төлейді. Яғни, егер жүкті әйел БЖТ төлесе, онда ол ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ деп саналады.
Жеңілдік санатына қайта оралу үшін екі ай бойы БЖТ төлемеу керек. Содан кейін ғана  жүкті әйел жұмыссыз ретінде сақтандырылған мәртебесін алады.
Мысалы, егер БЖТ наурыз айында төленген болса, жеңілдік мәртебесін алу үшін сәуір және мамыр айларына төлемдер болмауы тиіс. Жеңілдік мәртебесі маусым айында беріледі. Бала туылғаннан кейін жұмыс істемейтін әйел басқа жеңілдік санатына енеді-үш жасқа дейінгі балаларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.
Екінші нұсқа бар. БЖТ төлемін ай сайын жалғастыруға болады, сонда әйел жеңілдікті санатқа енбейді, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде сақтандырылған мәртебесін алады.

3-жағдай:
«Менде жұмыс істемейтін ЖК бар, бірақ ресми түрде қызметі тоқтатылған жоқ. Маған ЖК ретінде ары қарай жарна төлеу керек пе?»
Жоғарыда айтылғандай, жүкті әйелдің шынымен жұмыс істемейтінін және жеңілдік мәртебесіне ие бола алатындығын растау үшін соңғы екі айда ол үшін зейнетақы жарналары мен әлеуметтік жарналар түспеуі керек.  
Егер ЖК қызметі салық органдарында ресми түрде тоқтатылмаған болса, онда сіз қолданыстағы ЖК ретінде жарналарды төлеуді жалғастыруыңыз қажет (өйткені сіз есептілікті, тіпті «нөлдік» төлемді тапсырасыз және заң бойынша қажетті төлемдерді жүргізесіз). Жұмыс істемейтін жүкті әйел ретінде жеңілдікті санат бойынша сақтандырылу үшін ЖК-нің салық органдарындағы қызметін ресми түрде тоқтата тұру қажет. Онда сіз үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін болады. 

4-жағдай:
«Маған скринингтен және басқа перинаталды тексерулерден өту керек. Бірақ емханада маған жолдама берілмейді, өйткені мен сақтандырылмағанмын. Бұрын  жұмыс істедім және жарналарды төледім, бірақ содан кейін  жұмыстан шығып, МӘМС төлемін жасамадым. Бірақ жұмыс істемейтін жүкті әйелдер жеңілдік санатына кіреді емес пе. Неліктен мені МӘМС-ті пайдалану құқығынан айырады?»
Сіз дұрыс айтасыз, жұмыс істемейтін жүкті әйел жеңілдік мәртебесіне ие бола алады. Сақтандырылған мәртебесін алу үшін оны жүктілік бойынша есепке қою керек. Әдетте жүктілік бойынша есепке акушер-гинеколог қояды. Оны қабылдау МӘМС тізбесіне кіреді, яғни тек сақтандырылған әйелдерге ғана қолжетімді.
Алайда, егер әйел сақтандырылмаған болса, оны жалпы практика дәрігері немесе акушер қабылдап, жүктілік бойынша есепке қоя алады. Бұл дәрігердің қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. 3 күн ішінде әйел жеңілдікті санат ретінде сақтандырылған мәртебесін алады. Осыдан кейін ол МӘМС тізіміне кіретін барлық тексерулерге жолдама ала алады, – деп сарапшы түсіндірді.

5-жағдай:
«Жеке клиникада  жүкті әйелдерге  ультрадыбыстық тексеруден өтуді, ақылы сараптама жасауды  ұсынады. Егер мен жүктілік бойынша есепте болсам, мұны өз емханамда тегін өте аламын ба?»
Иә, қажетті тексерулер ТМККК және МӘМС шеңберінде қарастырылған, сондықтан оларды өз емханаңыздан өтуге болады.
Әйел жүктілік бойынша есепке тұрады, содан кейін акушер-гинеколог онымен жүктілік кезең бойына жұмыс жүргізеді. Алдымен өмір тарихы жиналады, пациент пен оның серіктесінің медициналық деректері зерттеледі. Жүкті әйелдің жеке картасы жасалады, оған айырбастау картасы беріледі. Міндетті тексеру тағайындалады, оған зертханалық талдаулар, хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму ақаулары бойынша тәуекел тобын анықтау үшін пренаталдық скрининг, ЭКГ, қажет болған жағдайда ЭхоЭКГ, бүйректің УДЗ, көрсетілімдер бойынша стоматолог пен отоларингологтың консультациясы кіреді.
Жүктілік кезінде үш реттік ультрадыбыстық скрининг тағайындалғанын атап өткім келеді, ол мына мерзімде жүргізіледі:
1) 11 аптадан 13 апта 6 күнге дейін;
2) 19 аптадан 21 аптаға дейін;
3) 30 аптадан 32 аптаға дейін.
Яғни, сіз бұл тексерулер үшін жеке төлем жасамауға, өз емханаңыздан өтуге құқығыңыз бар, – деді Екатерина Чалиловна.
Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге сол жерде көмектесе алмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат»
мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.
19 мамыр 2022 ж. 361 0