Соңғы жаңалықтар

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

№63 (8977) 22

22 тамыз 2026 ж.

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстанның ең криминалды өңірі қай облыс?

Қазақстанның ең криминалды өңірі қай облыс?

Ұлттық статистика бюросы (бұрынғы статистика комитеті – ред. түсіндірмесі) таратқан мәліметтерге сүйенсек, Былтырмен салыстырғанда, қылмыс деңгейі 34,4%-ға төмендеген: 2020 жылғы III тоқсанда 126499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті. 

Республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыскерлердің саны 90-ды құраған. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қостанай облысы еліміздегі қылмыс көп тіркелген өңірлердің көшін бастаса, Шығыс Қазақстан облысы «ең тыныш» аймақ атанды. 
Төмендегі статистикадан Қазақстанның өңірлері бойынша қылмыс деңгейін көрсеткішіні көре аласыздар: 
Елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65,2% артыпты. Ең жиі кездесетін қылмыс – біреудің жеке меншігіне жасалған зардап (73,6%). Оның ішінде біреудің мүлкін ұрлау ең жиі кездеседі екен: 2020жылдың ІІІ тоқсанында 52,8 мың қылмыс анықталыпты. 
Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 7052-ні құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% аз. Зорлау – 39,6%, қорқыту – 26,4%, адам ұрлау – 24% қылмыстары бойынша төмендеу белгіленді.
Бқған қоса,  қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4% артқан.
Еліміз бойынша адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады: 
Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтады (2019 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 23,1% аз), 28,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бір айта кетерлігі, қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар – 82,2% екен.
Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік – топ құрамында болған.
Қылмыс жасаған адамдардың 2,4%- ы – кәмелетке толмағандар.
09 қараша 2020 ж. 1 447 0