Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Берік Уәли блогосферадағы әртүрлі жазбаларға түсініктеме берді

Берік Уәли блогосферадағы әртүрлі жазбаларға түсініктеме берді


ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли блогосферадағы әртүрлі сипаттағы жазбаларға түсініктеме берді.


«Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау керек деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арналған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды», деп түсіндірді Берік Уәли.
10 қаңтар 2022 ж. 395 0