№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС: денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсті

МӘМС: денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсті

22.12.2021 ж., Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ӘМСҚ-дың Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметтінің 2021 ж 11 айдың қорытындысы
Спикер: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлы

Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесімен жаппай қамтудың екінші жылы аяқталуға жақын. Сақтандыру медицинасының басталуымен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсті. Мәселен, 2020 ж. нақтыланған  бюджет 62,7 млрд теңге құраған болса, 2021 жыл бюджеті 81,17 млрд теңгеге жетіп (ТМККК – 52,9 млрд. теңге (65%), МӘМС – 28,27 млрд. теңге (35%)) 60 медициналық ұйымымен (30 мемлекеттік, 30 – жеке) келісім шарт жасасты. Сондағы айырмашылық – 2021 жылы бюджет 18,47 млрд теңгеге немесе 29%-ға артқан.
Ағымдағы жылдың  МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакеттері шеңберіндегі cатып алу жоспарындағы стационарлық медициналық көмек лоты бойынша 93 356 емделетін науқастарға  12,6 млрд теңгеге қаржы қаралды. (2020 ж. - емделген науқастар саны 59 195, сомасы 10,4 млрд теңге). Ағымдағы жылдың 10 айлық есепті кезеңі бойынша 86 236 емделген науқастарға 10,3 млрд теңге (82%) қаржы жұмсалды.
Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін 9,2 млрд  теңге төленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға жоғары. (2020 ж. – 6,1 млрд теңге). Диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін аса өзекті. Ағымдағы жылда емделушілерге КТ және МРТ 26 832 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.(2020 ж. - 12 031 қызмет). Атап айтқанда, сәйкесінше, 59,1 млн  теңге сомасына 5 501 КТ қызметі (2020 ж. – 48,6 млн теңге, 5 555 КТ қызметі), 327,2 млн  теңге сомасына 21 331 МРТ қызметі (2020 ж. – 115,1 млн теңге, 6 476 МРТ қызметі ).
Бұдан басқа, есептік кезеңде жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайтын 459 789 стоматология қызметі (2020 ж. – 680,7 млн теңге, 280 619 стоматология қызметі) және 437,6 млн теңгеге 135 541 ультрадыбыстық диагностика қызметтері көрсетілді (2020 ж. –
269,1 млн теңге, 90 607 УДҚ қызметі). Олардың барлығы ТМККК және МӘМС пакеттері аясында көрсетілді.
Сонымен қатар, қызылордалықтарға жалпы құны 2,4 млрд  теңге құрайтың 74 832 медициналық оңалту қызметі көрсетілді (2020 ж. – 1,4 млрд теңге, 43 548 қызметі). Бұған қоса биыл тұрғындар 491,7 млн теңгеге 73 жоғары технологиялық медициналық қызмет алды. (2020 ж. – 456,8 млн теңге, 110жоғары технологиялық медициналық қызмет).
            Келесі жылға медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттыру үшін Қор стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек бойынша көлемдерді бөлуді автоматтандыруды, сондай-ақ келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап медициналық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын арттыруға арналған шығыстарды ескере отырып, 2022 жылға арналған тарифтерді қайта қарауды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Қор ТМККК және МӘМС пакеттерін, сонымен қатар оларды қаржыландыру тәсілдерін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істейтін болады.
Коронавируспен күрес.
Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ СOVID-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына 11,5 млрд  теңге бөлінді, оның ішінде 10 айда 10,7 млрд теңге игерілді.
Шығындардың басым бөлігін, яғни 3,8 млрд  теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақылар құрады.
Жыл басынан бері инфекциялық стационарларда 9 104 пациент емделді. Амбулаториялық және стационарлық жағдайда Сovid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге барлығы 5,3 млрд теңге жұмсалды.
Мобильді топтардың қызметін төлеуге 298,5 млн теңге бөлінді.
ПТР диагностикасын жүргізуге 1,5 млрд теңге бөлінді. ПТР-тестілеуден барлығы 178 164 адам өтті.
ӘМСҚ-на түскен түсімдер.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың
1 желтоқсанына дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 24,9 млрд. теңге аударды, оның 16,9 млрд. теңгесі (67,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,0 млрд. теңге (32,2%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
МӘМС жүйесінде азаматтардың сақтандырылу мәртебесін өзектендіру.
Бүгінгі таңдағы толық шешімін таппай отырған ең өзекті мәселе – өңір тұрғындарының МӘМС жүйесінде қамтылуы болып отыр.
Өңіріміздің 825 мыңдай тұрғынының тек 647 мыңдайы – 78,4% - сақтандыру мәртебесіне ие болып, пайыз көрсеткіші бойынша өңірлер арасында соңына жайғасты. Меже бойынша 2021 жылдың соңына өңір тұрғындарының 85% сақтандырылу қажет еді, алайда бұл меже орындалмай отыр.
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 142 559 сақтандырылмаған азаматтар бар, олардың көпшілігі 30 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар, яғни 49,8% құрады.
Оның ішінде 87 816 (61,6%)  – соңғы 12 айда ӘМСҚ-ға төлемдерді аудармаған тұлғалар, 18 643 адам (13,1%)  – әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар, 18 220 адам (12,8%) - жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, 5 787 адам (4,1%) – жеке кәсіпкерлер, 4 488 (3,1%) -  бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер және
4 195 (2,9%) – басқа санаттағы адамдар, 3 410 адам (2,4%) - өзі өзін қамтамасыз ететіндер,
Айта кетейік, әр бір өңірде облыс әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарының басқаруымен МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлік штабтар жұмыс жасауда. Оған қоса, Қызылорда облысының әкіміның орынбасары барлық тиісті жергілік атқарушы органдарға азаматтардың мәртебесін өзектендіруді күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. 
Халықпен кері байланыс.
2020 жылдан бастап Елімізде МӘМС жүйесі іске асырылуына байланысты, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, науқастардың құқықтарын қорғау және халықпен кері байланысты орнату мақсатында, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ-да СРМ жүйесі әзірленіп, 1406 Call-орталығына, Қолдау-24/7 мобилдік қосымшасына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына  келіп түскен шағымдар осы жүйеге тіркелуде. 
2021 жылғы 11 айында СRМ жүйесіне Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің қызметіне қатысты барлығы барлығы 225 шағым түсіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2020 ж. 11 айы – 159 шағым) шағымдар саны 66-ға немесе 29,4 пайызға өскен. Оның ішінде: 147 шағым - 1406 Call-орталығы, 56 шағым - Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы, 17 шағым - ҚР ДСМ сайты арқылы және 5 шағым Қорға тікелей түскен.   
Шағымдардың басым көпшілігі төмендегі медициналық мекемелерге түскені мәлім: №3 қалалық емханасы – 35, №1 қалалық емханасы - 22, Байқоңыр қалалық көпбейінде ауруханасы – 18, №6 қалалық емханасы- 19,  Шиелі ауданаралық ауруханасы және «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШСне – 14 шағымдан, «Сенім» ЖШС-не – 10 шағым.
Медициналық қызметтердің сапасын тексеру барысында 48 шағым бойынша денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды. Осыған байланысты мониторинг бөлімінің сарапшыларымен 133 ақау рәсімделіп, экономикалық шаралар қолданылды. Қалған шағымдар бойынша науқастардың құқықтарын қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар жүргізіліп, өзекті мәселелері өз шешімдерін тапты.  
Шағымдардың түсу себебіне келетін болсақ, шағымдардың басым көпшілігі медициналық қызметтерді ұсынбау немесе көрсетуден бас тарту (69), медициналық қызмет сапасының төмендігіне (83), тегін дәрі-дәрмектердің берілмеуі (12), МӘМС жүйесі шеңберінде тегін түрде берілуге жататын консультативті-диагностикалық қызмет түрлерінің және стационарлық көмек алу мүмкіндігі болмауына (15), медициналық қызметкерлердің дөрекілігіне (4), диагностикалық қызметтерді алу мерзімідерінің ұзақтығына (11), емханаларда тар буынды мамандардың аздығына (4), жоғары технологиялық медициналық құрылғыларының болмауына (4), көрсетілмеген медициналық қызметтердің АЖ-ге көрсетілді деп салынуына (приписки-17), емханаға тіркеуден бас тартуға (6) қатысты жазылған.
Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau - 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлы


24 желтоқсан 2021 ж. 218 0