№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » КҮН ТӘРТІБІНДЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті дамудың жолы адам капиталында екенін айқындап берді. Осы ретте, мемлекеттік бағдармаларды сәтті үйлестіретін мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылай бастады. Әдеп кодексі жалпы ережелеріне сай қызметтен тыс уақытта және қызметтік қатынастардағы мінез-құлық әдеп нормаларын сақтауы тиіс. Яғни, көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек-ақ.
Осыған байланысты аудан әкімі Ғалым Әміреев мәслихат депутаттарын, сала басшылары мен ардагерлерді жинап, мемлекеттік саясат пен қоғамның мұратынан тыс жеке мүдделерді бірінші орынға қойып, халықшыл бағдармаларды тиімді атқаруға кедергі келтірмеуге шақырды.
Жиында сөз сөйлеген жауапты тұлғалар аудан басшысының ойын қолдап, береке-бірлікті бекемдеп, тұрғындардың әлеуетін арттыруда жауапкершілікпен қарауға шықырды.
24 сәуір 2018 ж. 1 407 0