№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірі сары аймақта

Сыр өңірі сары аймақта


Жасыл аймаққа өттік деп той-томалақ қуып, топ-топтап жиналуды жиілеткен едік, коронавирус қайта қарқын алып, сары аймаққа ендік. Бұдан кім ұтты, кім ұтылды. Әрине, ұтылған өзіміз. Өйткені вирусты сақтану арқылы және ұжымдық иммунитет қалыптасытыру арқылы ғана жеңе аламыз. Әттең, осының парқы мен нарқын әлі жете түсінбей келеміз.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының мәліметі бойынша «Қызыл» аймақта – Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан. «Сары» аймақта – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысы тұр. «Жасыл» аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облысы орын алды.
Қызылорда облысында қазан айында коронавирус 18015 адамнан анықталса, оның ішінде Жаңақорған ауданынан 1566 жағдай тіркелген. Ал, облыста жазылып шыққандар саны 17068, аудан бойынша 1474 адам жазылып шыққан. Қайтыс болғандар саны 16, Жаңақорған ауданынан 3 жағдай тіркелген.
Қызылорда облысы вакцинациялау қарқыны бойынша Республикада алғашқы бестіктің қатарында тұр. Соңғы екі айда індет жұқтырғандар саны азайған.
Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданы әкімінің өкімімен 29 мониторингтік топ карантиндік-санитарлық талаптардың сақталуына қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Әрбір кент, ауылдық округ әкімдері, заңгерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен қоғам белсенділері күнделікті бақылау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.Осы уақыт аралығында 1628 нысан иелеріне тексеру жүргізіліп, олардан  590 заң бұзушылықтар анықталып, 572-сіне ескерту беріліп, 18 нысанға айыппұл салынған. Жыл басынан бері мониторингтік топтар мен жеке және заңды тұлғаларға 68 айыппұл салынды.
Бұл коронавирус инфекциясының жойылып болмағанын, сақтық жасауды қатаң ұстанып, той-жиынды кейінге қалдыра тұру керектігінің дәлелі. Cондықтан жақындарымыздың саулығы мен өз денсаулығымыз үшін санитарлық талаптарды қатаң қадағалағанымыз жөн.

Рауза ӘЗІЛХАН
30 қазан 2021 ж. 218 0