№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Парасатты отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Парасатты отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова, білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов қатысып, отбасы құндылығының маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Байқаудың мақсаты қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарын кеңінен дәріптеу, отбасындағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды өскелең ұрпақтың бойына бала кезден қалыптастыру, қәзіргі заманғы отбасының парасаттылық мәдениетін дамытудың тиімді тәжірибесін тарату болды.
«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орын иегері Қармақшы ауданы №279 мектеп Ибраевтар отбасы иеленсе, ІІ орын Қазалы ауданы №249 мектеп Айгелдиевтер отбасына бұйырды. Ал, І орынғаЖалағаш ауданы №202 мектеп Ильясовтар отбасы лайық деп танылды. Сонымен бірге Арал ауданы №177 мектеп Төлегеновтер отбасы «Парасатты отбасы», Қызылорда қаласы №140 мектеп Мырзабаевтар отбасы «Спортшылар отбасы» номинацияларыменмарапатталды. Барлық қатысушыларға департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова алғысын білдіріп, арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табыстады.
25 қазан 2021 ж. 308 0