№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды


М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде Білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов, білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысып, отбасы құндылығының маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Байқау отбасындағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды өскелең ұрпақтың бойына бала кезден қалыптастыру мақсатын көздейді.
«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орын иегері Арал ауданынан Әбдіжалеловтер отбасы иеленсе, ІІ орын Шиеліауданынан Абдурахмановтар отбасына бұйырды. Ал, І орын Қазалы ауданы, Асқаровтар отбасы лайық деп танылды. Сонымен бірге бірнеше отбасы арнайы  номинациялармен  марапатталды.
09 желтоқсан 2020 ж. 485 0