«Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауына онлайн-дауыс беру басталды
Қызылордалық «Арал» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС-не дауыс берейік
«Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауына онлайн-дауыс беру басталды.
Қазақстандықтар үздік-импорттаушы кәсіпорын атағына үміткерді таңдай алады.
Бұл байқауда Қызылорда облысынан балық аулау және өңдеумен айналысатын «Арал» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС бақ сынауда.
Онлайн дауыс беру http://ulydalaeli.kz/ сайтында 2021 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады. Дауыс беру үшін электронды пошта мекенжайын белгілеп, кәсіпорынды таңдап, дауыс беру қажет.
Дауыс беру нәтижесі 2021 жылдың қарашасында жарияланады.
«Ұлы дала елі» эмблемасы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен танымалдығын арттыруға бағытталған.
Дауыс беруге 6 отандық компания ұсынылды:
1. «Mega Smart» ЖШС (Кеңсе және мектеп жиһазын өндіру) – Шымкент қаласы;
2. «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорын» ЖШС (Ветеринариялық бағыттағы биологиялық және дәрілік препараттар өндірісі) – Алматы облысы;
3. «Амангелді атындағы» ЖШС (Балық өнімдері: салқындату әдісімен ысталған балық, ыстық әдіспен ысталған балық, қақталған балық) – Атырау облысы;
4. «Сәуле» кондитер фабрикасы (Производство кондитерских изделий) – Жамбыл облысы;
5. «Арал» сервистік-дауындау орталығы» ЖШС (Балық аулау және өңдеу) – Қызылорда облысы;
6. «Қайып Ата» ЖШС (Ірі қара және қой-ешкі өсіру және сату. Етті өндіру және қайта өңдеу: сиыр етінің ұшасы, тоңазытылған, тұтас ет, жартылай ұшада мұздатылған қой еті – Түркістан облысы.
Онлайн дауыс беру нәтижесінде жоғары дауыс жинаған 3 кәсіпорын жеңімпаз атанып, «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену құқығына ие болады.
Анықтама үшін:
«Ұлы дала елі ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарықтарда ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне беріледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Ұлы дала елі» тұжырымдамасы «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан қолдау тапты. Осыған байланысты бесінші жыл қатарынан экспорттаушылар үшін «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беру байқауы ұйымдастырылып келеді. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар (көрсетілетін қызметтер) өндірумен айналысатын және өнімнің расталған экспорты бар заңды тұлғалар қатысады.
Сұрақтар туындаса Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына 8 /7242/ 40-09-81 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыздар. Жауапты маман Гүлдана Таңатова.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі