Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қытай Қазақстан астығын қабылдаудан бас тартты

Қытай Қазақстан астығын қабылдаудан бас тартты


Қытай аумағына Қазақстаннан баратын тауарлар, оның ішінде астық та кіргізілмейтін болды. Нәтижесінде отандық экспорттаушылар шекарада тұралап қалды. Үкімет мұның Қытай тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың күшеюіне байланысты екенін айтты, бірақ астық өсірушілер одағы бұл мәселені шешуге болады деп санайды.

"Коронавирус – бұл сылтау. Біз өз трафигімізбен олардың транзитіне тосқауыл қойып отырмыз. Және бұл біздің шенеуніктердің әлсіздігі, олар өткенде ештеңе істей алмаған болатын. Вагондар жөнелтушілерге қайтарылды. Бұл жолы жағдай тағы қайталанды", – деді "Қазақстанның астық одағы" ЗТБ ресми өкілі Евгений Карабанов. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада кептеліп қалған көліктерге байланысты бизнес тікелей көмек сұрайтынын айтқан болатын. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Air Astana: Жолаушылардың әуе тасымалы тоқтауы мүмкін Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жағдайларда үкімет дереу жауап беріп, серіктестермен барлық мәселелерді шешіп тастауы керек. Кейін Қытайдың карантиндік шараларды күшейтуіне байланысты жүк жиналып қалғаны белгілі болды.
06 қазан 2021 ж. 334 0