№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мерейлі отбасы – мемлекет мерейі

Мерейлі отбасы – мемлекет мерейі



Бар сүйенерім  – адал еңбегім деп білетін отбасы егесі Аманкелді ағамыз зейнетке шыққан он бес жылдан бері намазын қаза етпеген тақуалығы мен кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсетіп келе жатқан жан.

Сунақата ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы бола жүріп, ауылдың ауызбіршілігі мен ынтымағына өз үлесін қосып келеді. 2013 жылы бес парыздың бірі – қажылықты өтеп оралыпты. Ал отанасы Пернекүл апа  он саусағынан өнері тамған шеберқолдың иесі. Облыс бойынша ұлтымыздың салт-дәстүрін сақтау, жас ұрпақты қолөнерге баулу және қолөнерді дамытуға қосқан үлестері үшін Түкібаев Аманкелді мен Байтемірова Пернекүлдің отбасына  «Шебер отбасы» деген атақ берілді.
Ел іші – өнер кеніші.Апаның қолынан шыққан неше түрлі ою-өрнекті тұрмыс жасаулары осы ауылда қыз беріп немесе келін түсіріп жататын, бесік жабдықтап, сүндет той жасайтын отбасылардың оң жағынан орын алып, сән салтанатын арттырып келе жатқанына қарап көнермейтін ата-баба өнерінің өміршеңдігіне сүйсінесің.

                                                                                                                                           Баян Үсейінова

17 қыркүйек 2021 ж. 559 0