Топ-баннер

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ​МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ ЖОБАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

​МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ ЖОБАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ



Облыста ағымдағы жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 78 млрд. теңгенің 2401 конкурсы жарияланды. Бүгінгі күнге, оның 51 млрд. Теңге болатын 1354-ы аяқталып, 3 млрд. теңге үнемделді. Қалған сатыпалулардың белгіленген мерзімде жүргізілуі бақылауда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сатыпалу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Қуандық мәлімдеді
.
«Үнемделген соманың 92 пайызы бірыңғай ұйымдастырушылардың үлесінде. Ағымдағы жылы өткізілген барлық конкурстың 95% бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды. Яғни 2026 конкурстың 854-і бірыңғай ұйымдастырушылармен, 172-ітапсырыс берушілермен. Өткен жылы заң бұзушылықтар саны – 1569 болса, биыл 1060 бұзушылық анықталып, біршама азайды. Оның ішінде, жарияланған сатыпалулардың уәкілетті органмен күші жойылуы көрсеткіші 8% -ға кеміген», - дедіА.Қуандық.
Сондай-ақ, өткен жылы Қызылорда облысы Қаржы министрлігімен жүргізілген «Мемлекеттік сатыпалуларды орталықтандыру» пилоттық жобасына қатысып, 124 млрд. теңгені құрайтын
2900 конкурс ұйымдастырды.Осы модель негізге алынып, биыл барлық конкурстың 95% бірыңғай ұйымдастырушылар мен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды. Бұл уәкілетті орган тарапынан анықталған бұзушылықтардың азаюына ықпал етіп, өткен жылмен салыстырғанда кемшіліктер 34%төмендеді.
26 тамыз 2021 ж. 447 0