№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аймақ басшысы азық-түлік өнімдерін тұрақтандыруды тапсырды

Аймақ басшысы азық-түлік өнімдерін тұрақтандыруды тапсырды


23 тамыз күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың тұрақтандыру қоры мен баға мониторингі бойынша есебін тыңдап, індетпен арпалысып жатқан халықтың жайын жақсартуды сөз етті. Жер жүзін індет әбігерге салған уақытта әлеуетімізді әлсіретіп, ырыққа көнбей бара жатқан базар бағасы алаңдайтынын айтты. Расында, азық-түлік бағасы ай сайын, апта сайын, тіпті күн сайын құбылғанына дәлел күнделікті ішер асымыздың базардағы бағасы жағаңды ұстатардай, ұшып тұр.


Басқарма басшысының сөзінше, статистикалық жедел ақпараттың 17 тамыздағы жағдайына сәйкес әлеу­меттік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының индексі 110,9% құрағанын жеткізді. Жыл басынан әлеуметтік азық-түлік тауарларының 15 өніміне баға жоғарылап, 3 өнімге баға төмендеді, қалған 1 өнімге баға бірқалыпты екенін жеткізді.
– Күнбағыс майы мен қант бағасының өсуі әлемдік нарықтағы сұраныс баға­сының жоғарылауынан туындады. Ал, қарақұмық жармасының қымбаттауы негізгі өнім өндіруші солтүстік өңірлердегі өнімділік төмен болуынан, сондай-ақ көршілес Ресейде де өнім бітік шықпауы себеп болды. Ал, рожки бағасының өсуі бидай экспортының ұлғаю салдарынан, бидайға, ұн бағаларының қымбаттауы себебімен байланысты. Картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз бағаларының өсуі өңірдегі маусымаралық кезеңде оң­түстік өнірлердің өнімдері жеткізіліп нарық бағасында сатылуы салдарынан қалыптасты. Баға тұрақтылығын сақтау мақсатында Түркістан облысындағы картоп, қырыққбат, сәбіз өсіруші шаруашылықтардың байланыс ақпа­раттары әкімдіктер арқылы аудан мен қала кәсіпкерлеріне байланыс орнату үшін таратылды. Бүгінгі күнге жағдай қалпына келді. Нарықта картоп – 140-145 теңгеден, сәбіз – 180-185 теңге, пияз-130-135 теңге, қырыққабат-140-145 теңгеден сатылуда, – дейді Талғат Дүйсебаев.
Сондай-ақ, бағаның негізсіз өсу­іне жол бермеу үшін облыстың тұрақ­тандыру қорынан тауарлық интер­венциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында заем беру арқылы шаралар қабылдануда.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 190,4 млн. теңгені құрайтын 1069,2 тонна өнім көлемі, оның ішінде бірінші сортты бидай ұны – 616,5 тонна, күріш – 99,0, қант – 235,4 тонна, макарон – 73,3 тонна, қарақұмық жармасы – 21,9 тонна, сүт – 23,1 тонна бар.
Бүгінде тұрақтандыру қорының өнімдері мен заем берілген 3 кәсіпкерлік субъектісі арқылы алынып жатқан өнімдер Қызылорда қаласында орна­ласқан 31 әлеуметтік дүкенде, 1 әлеуметтік маркетте және Қызылорда қаласының 5 ірі супермаркеттерінде («Мирас», «Аль-Асад» 8 филалында, «Ажар Сити» 2 филиал, «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет») келісім бой­ынша ашылған әлеуметтік бұрыш­тарда сатылып жатқанын алға тартты.
Жиында басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев өңірде азық-түлік тау­арларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тек­серу жөніндегі комиссия құру тапсырмасына сәйкес комиссия құрамын бекіту жобасын келісуге ұсынды.
Соңғы кезеңде, яғни тамыз айының 1-ші онкүндігінен бастап астық өндіруші өңірлерде бидай бағасы, ұн бағасының қымбаттау фактілері байқалды. Бұл ретте облыс көлемінде наубайхана иелерімен кездесулер ұйымдастырылып, негізсіз баға көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқа­лықова азық-түлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіп, негізсіз баға көтеруге жол бермеу керек екенін қатаң ескертті. Тұрақтандыру қоры жұмысын бақылауға алып, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының жеткілікті болуын бақылауға алуды тапсырды.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
25 тамыз 2021 ж. 493 0