№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ДІНДЕ ЕКПЕГЕ ҚАЙШЫЛЫҚ ЖОҚ

ДІНДЕ ЕКПЕГЕ ҚАЙШЫЛЫҚ ЖОҚ


Аймақ имамдары кезекпен екпе алуда. Бүгінде басым бөлігі вакцина салдырып үлгерді. Дін қызметкерлері өзкезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының вакцина туралы пәтуасына сүйеніп, тұрғындарды індеттен қорғануға шақыруда. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қалалық «Төлената» мешітінің бас имамы Ғалымжан Бейсембаев вакцина туралы пікірімен бөлісті.

«Ислам дінінде адам денсаулығы бірінші орында тұрады. Яғни аурудың алдын алып, вакцина салдыру дінімізде құпталатын іс. Өйткені екпе арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қорғайсыз. ҚМДБ екпеге қатысты арнайы пәтуа шығарған болатын. Демек, ислам дінінде екпеге байланысты ешқандай қарсылық жоқ. Вакцина дінге қайшы келмейді. Өзім де «Төлената» мешітінің қызметкерлері де алғашқы болып вирусқа қарсы вакцина алдық. «Білмесендер білім иелерінен сұрандар», -дейді. Яғни, әрбір істің өз маманы болады. Сол секілді біздің медицина саласының мамандары осы вакцинаны шығарып отыр. Әрбір аурудың емі бар. Сондықтан да ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік» ,- деді «Төлената» мешітінің бас имамы.
18 тамыз 2021 ж. 253 0