№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Месси жасын сүрткен беторамал 10 мың долларға сатылмақ

Месси жасын сүрткен беторамал 10 мың долларға сатылмақ


Лионель Месси «Барселонамен» қоштасу баспасөз мәслихатында көз жасын сүрткен беторамал Mercado Libre сайтында сатылымға шықты.

Лоттың бастапқы құны – 1 миллион аргентиналық песо (10 298 АҚШ доллары). Сатушы орамалда спортшының көз жасы бар дейді. Бұл, сатушының пікірінше, болашақта оны клондауға мүмкіндік береді.Бұған дейін «Пари Сен-Жермен» аргентиналық шабуылшы Лионель Месси клубқа ауысқаннан кейін өзінің ресми сайтында оның тегі жазылған футболкаларға сатылым ашты. Бір сағатта 250 мың футболка сатылды.
Лионель Месси «Барселонада» 2000 жылдан бері өнер көрсетті, 2003 жылы негізгі құрамда ойнай бастады. Оның қанжығасында Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогы мен Суперкубоғында 7-ден, Чемпиондар Лигасында 4, Еуропа Суперкубогында 3 және клубтық Әлем чемпионатында 3 жеңіс бар. Биыл тамызда аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубына ауысты.
16 тамыз 2021 ж. 260 0