№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Семіздіктен құтылу үшін асқазанмен күрес

Семіздіктен құтылу үшін асқазанмен күрес



Қазіргі жаҺандық проблемаға айналған мәселенің бірі – семіздік. Заман дамып, неше түрлі дәмділер мен фаст-фуд түрі пайда бола бастаған сайын семіздік де белең алуда. Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемдегі ең семіз адамдар санын Америка халқы құрайды екен. Күнделікті офисте жұмыс жасап отыратын, артық қимылы жоқ, көбіне дайын тамақты жей салатын адамдардың организмі семіздікке тез ұшырағыш келетін көрінеді. Әрине, семіру өте оңай, ал арықтау – қиынның қиыны. Себебі, ішкі организмге жиналған майды ыдырату оңайға соқпайды. Әсіресе, бала босанаған соң, артық салмақ қосып алатын аналар үшін бұл өте шешілмес мәселе.


Алайда, мұның бәрінің шешімі бар. Ол – диета емес, ол – спорттық жаттығу емес, ол – ешқандай дәрілік препарат емес. Қазіргі диетологтар дәлелдеген ең керемет арықтау әдісі – дұрыс тамақтану (правильное питание). Иә, күнделікті 5 мезгіл жиі-жиі тамақтанып, майлыдан бас тартып, көкөністермен жиірек тамақтану дұрыс тамақтану деп аталады. Бүгінгі таңда дұрыс тамақтанудың арқасында көптеген қыз-келіншектер қалаған мүсініне қол жеткізіп, сымбаты арта түсуде. Олай болса, семіздікпен күресу үшін асқазанмен күресу қажет екен.
                                                                              Дайындаған Ханзада ДОШАН.
12 мамыр 2019 ж. 1 131 0