№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медицина қызметкерлеріне үстемақы берілді

Медицина қызметкерлеріне үстемақы берілді

2021 жылдың I жартыжылдығында COVID-19-ға қарсы күреспен айналысатын облыстың 10 408 медицина қызметкері 2,02 млрд теңге сомасында үстемеақы алды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Бахыт Исмаханбетов мәлімдеді.
Жалпы, облыста коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде іс – шараларды қаржыландыру 5,48 млрд теңгені құраған. Оның ішінде: медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 1,47 млрд теңге (26,8%), ПТР диагностика қызметтеріне – 1,15 млрд теңге (20,9%), мобильді бригадалардың шығуына – 194,3 млн теңге(15,5%) бағытталған.
Сонымен қатар, МӘМС пакеті аясында осы жылдың 6 айында стационарларда 5,28 млрд теңгеге 43 107 науқас емделген. Ал 2020 жылдың 6 айында сәйкесінше 7 173 науқас 1,3 млрд теңгеге ем қабылдаған. Яғни 2020 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда науқастар саны 4 есеге ұлғайған. Оның негізгі себебі - 2020 жылдың 15 наурызынан басталған Төтенше жағдайды енгізудің салдарынан жоспарлы көмекке мәжбүрлі түрде шектеу қойылғандығы.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыс тұрғындарының 80%, яғни 650 мыңнан астамы ғана сақтандырылған. Сақтандырылмаған 146 мыңнан астам тұрғынның басым көмшілігінің санаты жалдамалы жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлер және біріңғай жиынтық төлем төлейтін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар болып табылады.
02 тамыз 2021 ж. 423 0