№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жылдың 1 тоқсанында пандемиямен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады

2021 жылдың 1 тоқсанында пандемиямен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады


Қазақстандықтар коронавирустық инфекция және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды қаржыландыруға 71,6 млрд теңге бағыттады, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
1-тоқсанда коронавирустық инфекциямен күрес аясында іс-шараларды қаржыландыру 71,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде:
- медицина қызметкерлеріне үстемеақылар – 42,4 млрд теңге;
- медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге - 15,6 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларға 95 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді;
- ПТР диагностика қызметіне – 10,3 млрд теңге, 1,3 млн ПТР-тест өткізілді;
- мобильді бригадалардың шығуына – 3,0 млрд теңге, 526,9 мың шығу жүргізілді;
- үйдегі стационарлар қызметіне – 33,3 млн теңге, 1057 пациент үйде емделді.
«Қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен инфекцияның таралуының алдын алу үшін өте маңызды болып табылатын ПТР-зерттеулерге қолжетімділік қаншалықты артқанын атап өткім келеді. Егер өткен жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргізілсе, биылғы жылдың алғашқы үш айында КВИ вирусын анықтауға 1,3 млн зерттеу қаржыландырылды. Мобильді бригадалардың шығуларына келетін болсақ, біз де айтарлықтай өсу динамикасын көріп отырмыз. Өткен жылы Қор 550 мың мобильді бригаданың шығуын қаржыландырды, биыл тек бірінші тоқсанда коронавирус белгілері бар пациенттерге жарты миллионнан астам шығу жүзеге асырылды», - деді Б.Төкежанов өз сөзінде.
1 тоқсанның қорытындылары туралы айта отырып, Қор басшысы ковидтік бюджеттің негізгі сомасы коронавируспен күресте жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылғанына назар аударды.
Болат Төкежановтың деректері бойынша, қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд теңге сомасында үстемеақы, ақпанда 51,7 мың медицина қызметкері 13,8 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды. Осы үстемеақылардың арқасында инфекциялық стационарлардағы кейбір санаттағы дәрігерлердің жалақысы 1 млн теңгеге жетті.
13 мамыр 2021 ж. 412 0