№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Киберспорт: Қазақстандағы ахуал қандай?

Киберспорт: Қазақстандағы ахуал қандай?


Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Киберспорт федерациясы құрылды. Федерацияның басты мақсаты – қазақстандық электронды спорттың әлеуетін көтеріп, ойыншыларға жан-жақты қолдау көрсету. «Qazaq Cybersport Federation» бірлестігі елімізде онлайн және оффлайн кеңістікте турнирлер ұйымдастырып, ойыншылардың бәсе­кеге қабілеттілігін арттырып келеді. Отандық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда дарынды ойыншылар көп, тіпті өз елімізден бөлек шетелдік танымал топтардың құрамында ойнап жүрген көрінеді. Мәселен, Counter-Strike: Global Offensive дисциплинасы бойынша қазақстандық Avangar тобы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіреді, қазір 7-орында тұр.
Киберспортта, әдеттегі спорт сияқты, жеке жаттығу жабдықтарыңыз болуы керек (мысалы, қуатты компьютер және барлық қажетті компоненттер) және шапшаң жылдамдық, ақыл мен саусақтардың автоматтандырылған реакциясы сияқты дағдыларды үнемі шыңдап отыру қажет. Киберспорттың Қазақстанда сала ретінде өз биігіне шығар күні де алыс емес.
Жақында Қостанай облысы тарихындағы ең ауқымды киберспорттық турнир «Qostanay CS: GO OpenCUP» ұйымдастырылды. ПИК базасында Отан қорғаушылар күніне арналған Counter-Strike:Global Offensive пәні бойынша Қостанай облысы тарихындағы ең ауқымды турнир өткізілді. Осындай жарыстар өзге де өгірлерде өтуде.
Қызылорда облысы әлемдік үрдістен қалыс қалмай, осы бағытты да дамытып келеді. Киберспортты дамытуға сол жағалауда орналасқан Жастар ресурстық орталығындағы IT парк резиденттері ерекше көңіл бөлуде. Былтыр қазан айында орталық резиденттері «Portal eSports» командасы Gorilla Esports Season 3CS:GO (Amateur Division) турниріне қатысқан болатын. Оған біздің елден бөлек Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ойыншылары шақыртылды. Қызылорда облысының командасы 154 команданың ішінен 16 үздік команданың қатарына енді. Бұл өңір тарихындағы ірі турнирдің плей-офф кезеңіне өткен алғашқы команда болды.Біздің ауданда да бұл спорт түрімен айналысатындар жоқ емес. Бірақ, сұхбат беруден қашқақтады.
Қорыта айтқанда, бұл спорттың бүгіні мен болашағы, келешегі мен кешегісі осындай. Біздің түсінгеніміз, киберспорт спорт саласына енген ерекше жаңалық болды, оны қай ел қалай қабылдайтыны уақыттың еншісінде. Ең бастысы, көштен қалып кетпесек болғаны...
19 мамыр 2021 ж. 366 0