№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда

Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.
«12 мамырдағы ақпарат бойынша 66 кәсіпкерлік нысан QR код алып, жоба аясында жұмыс жасауда. Олардың 43-і қоғамдық тамақтану қызметі, 11-і компьютерлік клуб, 2-еуі бильярд, 2-уі фитнес орталығы, 2-еуі бассейн, 2-еуі спа-орталығы, 2 кинотеатр, 1 боулинг орталығы, 1 сауна. Жобаға қатысушылардың 61-і Қызылорда қаласының кәсіпкерлері. Ал 3-еуі Шиелі ауданының, 1-еуі Қазалының, 1-еуі Арал ауданының кәсіпкерлері», - деді Пірмұхаммед Сыздықов.
Баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері Қызылорда қаласында кәсіпкерлік нысанға кірмек болған «қызыл» және «сары» статустағы 6 адам анықталғандығын жеткізді. Олардың 1-еуі нақты науқас, вирус анықталған «қызыл» статустағы азамат болса, 5-еуі ауырған азаматтармен қарым-қатынаста болған «сары» статустағы адамдар.
Айта кету керек, «Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке qr-код беріледі.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
13 мамыр 2021 ж. 430 0